Мақалада етті бағыттағы тұқымдық бұқалардың шәуіт өнімділігінің сапа көрсеткіштері мен ұрықтандыру қабілетіне генетикалық факторлардың әсері бойынша зерттеу нәтижелері берілген.Жұмыстың негізгі мақсаты: етті бағыттағы генотипі әртүрлі өндіруші бұқалардың шәует өнімділігінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне тұқымы мен шыққан елінің әсерін және зерттелетін селекциялық белгілердің өзара байланысын анықтау. Ғылыми-зерттеу жұмыстары Акмола облысында жүргізілді. Зерттеу нысаны-қазақтың ақбас, абердин-ангус және герефорд тұқымдарына жататын өндіруші бұқалар. Тәжірибелік бөлімі бойынша жұмыстар дені сау мал басына "Асыл-Түлік" АҚ-ның базасында және «Алтындан» ЖШС мен «АКА» ЖШС-де барлық ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақталып жүзеге асырылды. Зерттеу нәтижелері бойынша шәует белсенділігі генетикалық жолмен 33,20 % берілетіні анықталды, оның 21,80% генотипіне, 10,30% тұқымына және 1,1 % шыққан еліне әсері болатындығын байқалса, эякуляттың көлемі, ондағы эякулят саны және ұрық концентрациясы, тиісінше 41,1%, 40,9 % және 46,0% тұқым қуалайтын факторларға байланысты болды. Мұндай маңызды көрсеткіш бұқаларды ұрықтандыру қабілеті ретінде пайдалану тиімділігі 24,90% генетикалық факторларға байланыстылығы анықталады: генотиптің 13,20%, оның тұқымының 10,2% және шығу тегінің 1,5%. Осыған орай, зерттеу нәтижелері өндіруші бұқалардың шәуіт өнімділігі көрсеткіштеріне генетикалық факторлардың 38% әсер ететінін көрсетті. Оның ішінде генотипі бойынша 22,0%, тұқымы 14,0% және 1,5% шыққан елі
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.