Agro-technological innovations and structural changes in the vegetable growing industry in the field of greenhouse material preparation. New approaches to the cultivation of vegetable crops are needed to ensure the uniformity of plants, their high survival rate and a decrease in post-plant stress, and early fruiting. One such technique is growing closed-root plants in cassettes. The main advantages of such plants are: evenness, 100% survival rate in the open ground, the possibility of planting plants 5-10 days earlier than usual, increased plant viability, suitability for mechanized planting, getting a run up to 15-20 days, as well as creating conditions for growing 2-6 yields of vegetable crops per unit area.This article discusses the potential of basil for both nutritional and health benefits. In general, the authors of the article from a scientific point of view, found out the most important properties of basil for mankind.
Мақалада инженер кадрларын даярлаудың негізгі мәселелері мен дүние жүзі мемлекеттерінің тәжірибесі сарапқа салынады. Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстан елі үшін экономиканы дамыту бірінші орында тұрған міндет екені баршамызға аян. Ал ел экономикасы мен халықтың әлеуметтік тыныс-тіршілігін жақсарту жаңа технологияға тікелей байланысты. Жаңа технологияны ойлап табатын да, оны игеретін де, халықтың тұрмысына оңтайлы етіп дайындап беретін де инженерлер екені белгілі. Сонда білікті және кәсіби тұрғыдағы инженер кадрынсыз елдің экономикалық дамуын елестету мумкін емес. Сондықтан еліміздегі техникалық білім беретін жоғары оқу орындарындағы инженер кадрларын даярлаудың жай күйі ондағы материалдық-техникалық базамен, студенттердің практикада тәжірибе жинақтайтын мекемелердің заманауи жабдықталуымен, сонымен қатар, әрине, білім бағдарламаларының сапалылығымен түсіндіріледі. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мақала өте өзекті мәселелерді шешуге дүние жүзі бойынша осы саладағы мәліметтерді жинақтап, сарапқа салады, салыстырады, арасында инженерлерді кәсіби даярлауда нақты талаптарды ұстанатын мемлекеттердің тәжірибесін түсіндіреді. АҚШ, Германия, Жапония, Қытай және Ресей елдерінің инженерлер даярлаудағы тәжірибелерден Қазақстандағы инженерлік білім беру жүйесіне өте қажет пункттерді үлгі ретінде алуға болады. Жалпы, мақала инженерлерді кәсіби даярлау мәселесі үшін тиісті саладағы ғалымдарға нақты мәлімет бере алатын ғылыми жұмыс. Кілт сөздер: инженер, кәсіби даярлау, білім бағдарламалары, білікті инженер кадры.
Мақалада Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағының тәлімі жерлерінде өндірілетін негізгі азықтық дақыл – күздік бидайдан тұрақты және жоғарғы өнім алу өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселелерді шешу үшін заманалық технологияларға ғылыми негізделген ауыспалы егістіктер енгізіп, өсімдік қорғауда тиімді агротехникалық, химиялық шаралар қолданып, жоғары сапалы сорттар мен будандарды пайдаланып қана айтарлықтай нәтижеге жетуге болады. Мақалада бидай дақылының құндылығы мен сапасы туралы, ондағы адам организмі үшін қажетті заттардың мөлшері, өсіру кезеңіндегі ескерілуі қажет агротехникалық шарттар жан-жақты айтылған. Жер шары халқының жартысынан көбі негізінен бидаймен – нан макарон, кондитер өнімдері т.б. қоректенеді. Аталған өнімдердің қоректілігі жоғары болып халық мұқтажын қанағаттандыру үшін оларда бағалы сапа көрсеткіштері мен қасиеттер болған абзал. Бидай – бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Осыған байланысты аталмыш мақалада күздік бидай өсіру технологиясына қатысты биологиялық шарттардың орындалуы тиіс талаптары ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін маңызды көрсеткіштер ертінде қарастырылған. Сонымен қатар, күздік бидай өсіру кезеңділігіндегі климаттық ерекшеліктері де қамтылған.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.
customersupport@researchsolutions.com
10624 S. Eastern Ave., Ste. A-614
Henderson, NV 89052, USA
This site is protected by reCAPTCHA and the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.
Copyright © 2024 scite LLC. All rights reserved.
Made with 💙 for researchers
Part of the Research Solutions Family.