Бұл мақалада биология пәнінен оқу-материалдық базасын ұйымдастырудың ерекшелектеріне тоқталып, биология кабинетіне қойылатын талаптар көрсетілген. Биология кабинеті ҚР «Білім туралы» заңы талаптарына сәйкес жабдықталады. Білім беру процесін жүзеге асыру барысында биология кабинеті мұғалімдердің жүйелі білім беруін, оқушылардың танымдық, қызығушылық қабілеттерін арттыруын қамтамасыз етуі тиіс. Осы мақсатта биология кабинетінің оқуматериалдық базасы пән бойынша керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Кабинеттегі оқу жабдығы оны пайдалану жиілігін, қауіпсіздік ережелерін, қандай да бір тарауға, тақырыпқа тиістілігін ескере отырып орналастырылады және сақталады. Қазіргі таңда кабинеттегі және зертханадағы материалдар, аспаптар мен құралдар, интерактивті оқыту құралдары жүйелендірілген. Мектептегі биология пәні бойынша оқушылардың берік білім алып, биология пәнін жетік біліп шығуы үшін кабинеттің оқу материалдық базасының алатын орны ерекше. Зерттеудің нәтижесінде биологиядан білім беруде оқу-материалдық базасының кешені, олардың мазмұны, педагогикалық шарттары, дидактикалық ұстанымдары қарастырылған. Осыған байланысты педагогикалық-тәжірибелік жұмыс жүргізіліп, нәтижесі алынды. Биологиядан білім берудің оқу-материалдық базасын биология кабинеті, тірі табиғат бұрышы және оқу-тәжірибелік кешені құрайды. Мақалада оқушыларға биологиядан білім беру барысында оқу-материалдық базасының алатын орны көрсетілген.Түйін сөздер: демонстрациялық құрал-жабдықтар, мультимедиялық құралдар, тірі табиғат бұрышы, препараттар, гербарий.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.
customersupport@researchsolutions.com
10624 S. Eastern Ave., Ste. A-614
Henderson, NV 89052, USA
This site is protected by reCAPTCHA and the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.
Copyright © 2024 scite LLC. All rights reserved.
Made with 💙 for researchers
Part of the Research Solutions Family.