This paper presents the environmental aspects of the legal issues encountered in ensuring food security, under the transition to a "green" economy and the routes toward improving the existing legislation of Kazakhstan.
Бұл мақалада Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны цифрландыруды құқықтық рет теу туралы мәселе қарастырылған. Автор дамып жатқан технологияларды іске асыруда экологиялық проблеманың, цифрлық экологиялық қауіпсіздік пен цифрлық экожүйенің қазіргі жағдайын сараптайды. Өзекті экологиялық мәселелер, біздің еліміздің кейбір аймақтарындағы және әлемдегі экологиялық дағдарыстар, жалпы алғанда, цифрлық экология мен заңдылықты қолдана отырып, шешімдерді іздеуді қажет етеді. Алайда цифрландыру стратегияларын заңды түрде жүзеге асыруға қатысты көптеген сұрақтар көрініс табады. Сандық трансформация деректерді қорғауға, ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігіне, техникалық дизайнға, жауапкершілікке және реттеуші мәселелерге әсер етеді. Ғылыми мақаланың теориялық маңыздылығын айта кететін болсақ, оның нәтижелері экологиялық құқықтың теориялық тұжырымдамаларын жаңа ғылыми мәліметтер мен нәтижелермен толықтыратындығымен түсіндіріледі. Зерттеу әдісі ретінде логикалық-құқықтық, жүйелік, функционалдық, салыстырмалы-құқықтық әдіс, сонымен қатар құқықтық әлеуметтану әдістері қолданылды. Бұл жұмыстың ғылыми жаңалығы экологиялық ақпаратты цифрландыру мәселелерін зерттеу Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені ретінде, сонымен қатар экологиялық ақпарат саласындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.