Мақалада Жетісу жотасының солтүстік беткейініңашық-қара қоңыр топырағы жағдайында өсірілген картоп дақылына қолданылған минералдық және биотыңайтқыштардың әртүрлі нормалары мен арақатынастарына байланысты өсімдіктің фитосинтетикалық көрсеткіштері, өнімділігі мен тиімділіктерінің өзгеру динамикаларының мәліметтері келтірілген. Минералдық және биотыңайтқыштар картоп дақылының фотосинтетикалық көрсеткіштерінің, оның ішінде бақылаумен салыстырғанда жапырақ ауданының өсуін 4,6 – 15,6 мың м²/га, құрғақ биомассаның жиналуын 0,1 – 3,1 т/га және фотосинтетикалық потенциал көрсеткіштерін 0,003 – 0,587 млн. м²/га дейін арттырады. Қолданылған тыңайтқыштар картоп дақылының 31,8 – 45,5 т/га жалпы және 26,0 – 39,3 т/га тауарлы өнімділіктерін қамтамасыз етеді. Минералдық тыңайтқыштардың N100P100K100 нормасы мен Тумат биопрепаратын ұштастырып қолданған нұсқада картоптың ең жоғарғы (39,3 т/га) тауарлы түйнегі жиналды. Ең төменгі өнім бақылау нұсқасы мен тек Тумат биопрепаратын қолданған жағдайда алынды, тиісінше, 22,9 және 26,0 т/га құрады. Тыңайтқыштардың нормалары мен арақатынастарына байланысты алынған қосымша тауарлы өнім 13,4 – 71,2% аралығында болды. Тәжірибе нәтижелері бойынша қоректік заттарды (NPK) тұтынудың жалпы орташа мөлшері 138,6 кг/га азот, 76,5 кг фосфор және 206,4 кг/га калий болса, ал 1 т түйнек өніміне шаққанда, қосалқы өнімді қоса есептегенде, азот – 3,6 кг, фосфор - 2,0 кг және калий – 5,4 кг құрады. Тыңайтқыштар 1206,0 – 2133,0 мың теңге/га аралығындағы таза пайданы қамтамасыз етіп, рентабельділігі 106,3 – 152,3% болды
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.
customersupport@researchsolutions.com
10624 S. Eastern Ave., Ste. A-614
Henderson, NV 89052, USA
This site is protected by reCAPTCHA and the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.
Copyright © 2025 scite LLC. All rights reserved.
Made with 💙 for researchers
Part of the Research Solutions Family.