Мақалада республиканың оңтүстік өңірінде салаларды қарқынды дамыту үшін өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының басым бағыттары айқындалып, агроөнеркәсіптік секторды дамыту проблемалары қаралған. Өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіруге сипаттама берілген. Осы аумақтың табиғи әлеуеті жүгері, соя, қант қызылшасы, мақта сияқты ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру мүмкіндіктеріне, жайылымдардың елеулі алаңдарына ие. Ірі қара мал, қой, құс, шошқа басының саны, жайылымдық жерлердің ауданы, көкөністер мен картоптың өнімділігі, ірі қара мал етін, қой етін өндіру көлемі, облыстар бөлінісінде ет және сүт бағытындағы малдардың шоғырлануы көрсетілген. Өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне баға берілген. Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін ұлғайтудың әлеуеті, нысаналы бағдарлары мен перспективалары айқындалған. Етті мал шаруашылығында мамандандыруды тереңдету, қарқындату есебінен өнеркәсіптік негізде саланы дамыту, ашық ауада бордақылау шаруашылықтарын ұйымдастыруға, жас төл өсіру аймақтарын құруға мүмкіндік беретін қолайлы табиғиклиматтық жағдайлар, жемдік астық егістерін кеңейтуді қамтамасыз ететін ирригациялық жүйелер бойынша ұсыныстар әзірленді. Авторлар етті мериностың жаңа тұқымдарын пайдалана отырып, қой еті мен биязы жүнді ала отырып, қарқынды технологиялар негізінде биязы жүнді қой шаруашылығын, сондай-ақ халықты тұтас сүт өнімдерімен толық қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарықты қой еті мен сүтті мал шаруашылығымен молықтыру үшін етті қой шаруашылығын дамыту қажеттілігі туралы қорытынды жасалған.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.
customersupport@researchsolutions.com
10624 S. Eastern Ave., Ste. A-614
Henderson, NV 89052, USA
This site is protected by reCAPTCHA and the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.
Copyright © 2024 scite LLC. All rights reserved.
Made with 💙 for researchers
Part of the Research Solutions Family.