Ауыл шаруашылығын механикаландырудың екі түрлі шешімі бар. Біріншісі – шаруашылықты конструкциясы жетік, сенімділігі мол, жұмыс өнімділігі жоғары техникамен жеткілікті деңгейде жабдықтау да, екіншісі – сол техниканы ұтымды пайдалану. Машина пайдаланудың түпкі мұраты – жинау және тасымалдау жұмысын агротехникалық мерзім ішінде түгелдей және сапалы атқарып, механикаландырылған жұмыстың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алудың бір жолы – жинау-тасымалдау жұмыстарында техниканы дұрыс пайдалану және агроинженердің біліктілігі. Қазір шаруашылықтарда техниканы тиімді пайдалануда жаппай қызмет көрсету теориясын пайдаланса, бұл технология кез-келген шаруашылыққа экономикалық жағынан тиімділік әкелері сөзсіз. Бұл әдістің мәні мынада – бір-бірімен тізбектеле жүргізілетін жұмыстарда уақыт пен техника пайдалануға қатысты еңбек шығыны едәуір азаяды. Жаппай қызмет көрсету теориясы бойынша ұйымдастырылғын егін жинау-тасымалдау жұмыстарында негізгі операцияларың тиімділігі анықталып, жұмыс режимдері белгіленеді, агрегаттардың техникалық деңгейіне, сапасына және тиімділігіне нақты баға беріледі. Қызылорда облысы жағдайындағы дәнді дақылдарды жинаудың басқа аймақтарға қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Жергілікті жердің климаттық жағдайына байланысты дәнді дақылдар үнемі бөлектеп жиналады. Астық ору, бастыру және тасымалдау операцияларының өзара байланысы ұйымдастырлған жүйелермен қалыптасуы қажет. Сонымен қатар, дән жинау мен тасымалдаудың жаппай қызмет көрсету теориясы өзінің экономикалық тиімділігімен және басқа да шығындарымен өте төмен көрсеткішті көрсетуі қажет. Аталмыш мақалада шаруашылыққа пайда әкелетін тиімді технология есептеліп, қолданысқа ұсынуға болатыны дәлелденген
Мақалада егін шаруашылығының өндірістік процестерін механикаландыру барысында қолданылатын машиналарының жұмыс бөліктерінің конструкциясы жасау үшін дәннiң физика-механикалық құрамы мен касиеттерiн анықтау мақсатындағы зерттеулер баяндалған. Бұл зерттеулер бойынша егу мақсатында қолданылатын сепкіштің себу механизмінің сапалы жұмыс атқару мүмкіншіліктеріне назар аударылуы керек. Осыған байланысты егілетін дақылдың сусымалы тұқымын себу барысында оның сыртқы пішіні мен өлшемдерінің және олардың құйылу үдерісіндегі жүріп өту жолдарының мүмкіншіліктерінің негізінде параметрлері анықталып, машина конструкциясына қарай есепке алынады. Сусымалы тұқымның ағынды құйылуы, олардың жылжымалық түрiне (iшкі, сыртқы үйкелiс еселеушiне), салмақтық жұмсалуына q, диаметрiне Д және құраманың бағаналық биiктiгiне - Н тығыз байланысты. Олар бiрi-бiрiнсiз шешiлмейтiн тұтас байланыста атқарылатын күрделi механизм.Қорапқа құйылған сусымалы материалдардың бiр-бiрiне және қабырғаларына түсiретiн көлденең, тiгiнен итерiс қысым күштерi РХУ дән қүрамасының биiктiгіне - Н байланысты ең төменгi деңгейiнен бастап, жоғары өсiрiлуi деңгейiне дейiн өзгерiп көбейедi. Сонымен қатар құйылған дән құрамасының биiктiгiне - Н байланысты РХУ күштерi де тура қатынаста өседi. Дәндер құрамасының ыдыс қабырғасына түсiретiн кысым күшi, ортасындағы дәндер қысым күшiне қарағанда жоғары болатындығын айту керек. Осындай жағдайдағы дән құрамасының биiктiгi - Н жоғарылаған сайын, оның көлденең қалындығының арасындағы қысым да аз бола бастайды. Әр түрлi кезеңдегi жүргiзiлген зерттеулерде дәннiң сырт пiшiнiне байланысты оның сусымалығына, қораптан ағынды өту кезеңдерi, немесе құйылу заңдылықтарына қарай әр дақыл дәнiнде әр түрлi қасиеттеріне iзденiстер, зерттеулер жүргiзiп, оны талдауды қажет етедi.
The main task of agriculture is to provide the population of the Republic of Kazakhstan with food. In accordance with the program of the Government of the Republic of Kazakhstan on import substitution and increase in crop and livestock production, this is an urgent task of agricultural production. The article deals with the issues of increasing the productivity of animal husbandry and increasing the number of livestock, and it is argued that their solution largely depends on the creation of a solid forage base. Pressed hay influences the increase in milk yield and meat weight gain in the winter stall period. In the annual structure of the feed ration, the share of pressed hay reaches 54%. Thus, 1 kg of hay contains 8...15% protein, 23...32% fiber and up to 30 mg of carotene. Pressed hay can be stored for up to three years without losing its nutritional qualities, which allows farms to create an insurance stock. The natural, climatic and production features of the Kyzylorda region make it possible to harvest high-quality pressed hay in engineering rice irrigation systems
Қазақстанда жаңа нарық жаңдайында агроөнеркәсіп кешенінің негізгі тапсырмасы бәсекелестікке төтеп бере алатын өнім шығару, прогресивті технологияларды осы салаға енгізу арқылы заманауи мал фермаларының құрылысын тұрғызу және мал шаруашылығын техникалық тұрғыда қайта жарақтандыру болып табылады. Мал шаруашылығын механикаландыруға арналған машиналары мен жабдығына аса мән берілуі керек, себебі машиналар мен механизмдер биологиялық нысан мен қоршаған ортаға тікелей әсер етеді, ол жерде биологиялық және физиологиялық процестер жүріп жататындықтан мән берілуі керек. Мысалы, Робот-сауыншы: сауу процесін толығымен автоматтандыру. Жаңа жабдықтың басты жаңалығы – сиыр малынан сүтті автоматтандырылған процесс арқылы өндіру болып табылады. Процесс келесі ретпен жүреді: сиыр малы саууға арналған камераға кіреді, содан соң робот қажетті мөлшерде сүтті сауып алады, сиыр боксты тастап кетеді; осылайша қайталанады. Бұл малдың кез-келген уақытта камераға кіріп сүтін тапсырып шығуына мүмкіндік туғызады. Механикаландырылған технологиялардың кемшіліктері, техникалық құралдардың малдың физиологиялық ерекшеліктеріне сай келмеуі салдарынан туындайтыны практика жүзінде дәлелденген. Осыған орай машиналар жүйесін, қондырғылар мен жабдықты оңтайландыру, прогрессивтік энергия және ресурсүнемдегіш жабдықты жетілдіру және жасап шығару мейлінше көкейкесті мәселе болып отыр.
When fulfilling the requirements for digitalization of agriculture, the primary task is the need to equip it with structurally perfect, advanced technology. Working with such equipment is characterized by high reliability, high productivity, as well as the possibility of rational use of this technique. Rational use of agricultural machinery means ensuring the economic efficiency of mechanized work, complete and high-quality performance of basic work on tillage in agrotechnical terms.In order to obtain a plentiful crop of agricultural crops, it is necessary to use the equipment correctly during the main work on tillage, ensuring the qualification of an agricultural engineer. Now, when farms use the theory of queuing in the efficient use of technology, this technology is certainly economically beneficial to any farm. The essence of this method lies in the fact that when works are carried out sequentially with each other, the time and labor costs in relation to the use of equipment are significantly reduced. According to the theory of queuing, the efficiency of basic operations is determined, operating modes are established, a clear assessment of the technical level, quality and efficiency of aggregates is given during basic tillage. The theory of queuing in the article is based on the analysis of the rational use of technology for resource-saving technology in agriculture. The main arable work in the conditions of the Kyzylorda region has its own specifics in comparison with other regions. Depending on the climatic conditions of the area, tillage on the sown areas is carried out in different ways. The interrelation of plowing operations, disk harrowing, malovanie, etc. should be formed by organized systems. In addition, when performing these operations, the queuing theory should demonstrate a very low indicator of its economic efficiency and other costs. This article proves the feasibility of calculating and implementing an effective technology that benefits the economy
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.
customersupport@researchsolutions.com
10624 S. Eastern Ave., Ste. A-614
Henderson, NV 89052, USA
This site is protected by reCAPTCHA and the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.
Copyright © 2024 scite LLC. All rights reserved.
Made with 💙 for researchers
Part of the Research Solutions Family.