Мақалада жоғары оқу орнындағы оқыту процесінде педагогикалық мамандық студенттерінің кәсіби мотивациясын қалыптастыру ерекшеліктерін эксперименттік зерттеу нәтижелері ұсынылған. Педагогикалық мамандық студенттерінің қалыптасқан кәсіби мотивациясы рухани және адамгершілік құндылықтарының тұрақты жүйесі бар құзыретті, мобильді, жауапты болашақ мектеп мұғалімін қалыптастырады. Педагогикалық мамандық студенттерінің кәсіби мотивациясын қалыптастыру -диагностика, талдау мен дамыту әдістерін қажет ететін психологиялық-педагогикалық процесс.Зерттеуіміздің мақсаты -педагогикалық мамандық студенттерінің кәсіби мотивациясын қалыптастыру моделі мен бағдарламасын жасап, кәсіби мотивацияны қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау. Педагогикалық мамандық студенттерінің педагогикалық шарттары: сыртқы (іс-әрекетін белсендіру) және ішкі (өзінің қабілеттерін, кәсіби жетілу мотивациясын, студенттің ішкі кәсіби болмысын жете ұғыну; шығармашылық белсенділік, кәсіби өзін-өзі жетілдіруге дайындық) теориялық тұрғыдан анықталды.Зерттеудің практикалық маңыздылығы -зерттеу нәтижелері педагогикалық мамандық студенттерінің кәсіби мотивациясын диагностикалау мен түзету үшін, мотивациялық тренинг бағдарламасын оқу сабақтарын өткізу кезінде пайдалануға болады.Педагогикалық мамандық студенттерінің кәсіби мотивациясын қалыптастыру мақсатында кәсіби мотивацияны қалыптастырудың моделі мен бағдарламасы жасалып, қалыптастырушы эксперимент түрінде оқу үдерісіне енгізілді. Эксперименттік топ студенттерінің оқу-кәсіби ісәрекетінің тиімділігін арттыру, студенттердің кәсіби мотивациясын қалыптастыру, педагогикалық мамандық студенттерінің кәсіби дамуын жетілдірудің маңызды тетіктерінің бірі деп айтуға мүмкіндік береді.Түйін сөздер: кәсіби мотивация, өзін-өзі ұйымдастыру, психологиялық-педагогикалық жағдайлар, модель, мотивация құрылымы.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.