Наразылық түрлерін зерттеу, мәні мен негізгі түсініктерін анықтау өзекті мәселе болып табылады. Наразылық тәжірибесі шешілмеген бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемалардың бар екенін, қоғаммен қарым-қатынаста биліктің жеткіліксіз тиімділігін көрсетеді. Қоғамның наразылық әлеуеті әлеуметтік-экономикалық мәселелер тұрғысында ғана емес, мынадай факторлардың негізінде қалыптасады: азаматтардың саяси белсенділігінің, түрлі этностар, діндер, идеологиялар өкілдерінің арасындағы қатынастардың, сыртқы ақпараттық ықпал етудің және т.б. деңгейі. Ақпаратты тарату үшін, азаматтардың саяси белсенділігін жүзеге асыру үшін құрал ретінде медианың рөлі артуда. Наразылықтың жаңа нысандарының пайда болуына байланысты, оларды зерделеу, олардың бағытын түсіну, ахуалдың дамуына байланысты ықтимал нұсқаларын болжау және теріс салдарын азайту тетіктерін әзірлеу маңызды болып табылады. Берілген мақалада саяси, әлеуметтік және мәдени наразылықтардың мәні мен негізгі түсініктеріне талдау жүргізіледі. Мақаланың негізгі мақсаты -саяси, әлеуметтік және мәдени наразылықтардың пайда болу себептерін зерттеу арқылы олардың ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Зерттеуде осы тақырып бойынша жиналған ғылыми мақалаларға әдеби шолу және тақырыптық талдау жүргізілді.Түйін сөздер: наразылықтар, саяси наразылық, әлеуметтік наразылық, мәдени наразылық.