“…Зерттеулер 2020 жылдың қараша айынан 2021 жылдың қазан айына дейін өткізілді, сынамалар Қарағанды қ. азық-түлік базарларына әр аудандардан келіп түсетін ет сынамаларынан алынды.Сонымен, 2021 жылдың шілдесінен желтоқсан айына дейінгі кезеңде кадмий мен қорғасын концентрациясы ШЖК жоғары шамада болуы Бұқар-Жырау, Абай, Шет аудандарынан әкелінген ет сынамаларында байқалды, қорғасын бойынша шілде мен тамыз айларында Осакаров ауданында, және кадмий бойынша шілде мен тамызда, қорғасын бойынша тамыз бен қыркүйек айында Нұра ауданында байқалды.Қарағанды облысының әр аудандарынан әкелінетін сүтте ауыр металл қосылыстары жинақталуы динамикасы 4, 5, 6, 7 -суреттерде көрсетілген.Сонымен, суреттердегі диаграммаларда көрсетілгеніндей сүтте ауыр металл қосылыстарының ең көп жинақталуы жазғы-күзгі кезеңдерде шілдеден қазан айына дейінгі аралықта байқалады, осы көрсеткіш бойынша сау емес аудандар қатарына Бұқар-Жырау, Абай және Шет аудандары жатады.Сиыр етінде ауыр металл қосылыстары жинақталуының маусымдық динамикасын зерттеу жұмыстары 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың қазан айына дейін жүргізілді, сынамалар әр аудандардан әкелінетін Қарағанды қ. азық-түлік базарларынан алынды, біздің тарапымыздан алынған нәтижелер 4 кестеде келтірілген. Кестеде көрсетілгендей, 2020 жылдың қараша айында Бұқар-Жырау, Абай, Шет және Нұра аудандарынан әкелінген сиыр етінде кадмий мен қорғасын бойынша жоғарылау аталады, 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін аталған уытты элементтердің концентрациясы ШЖК аспаған және аздаған шамаларда ғана жоғарылаған, 2021 жылдың шілде айында кадмий мен қорғасын концентрациясы ШЖК жоғарылауы Абай ауданында байқалды, тамызда аталған уытты элементтер концентрациясы ШЖК жоғарылауы Бұқар-Жырау, Абай, Осакаров және Нұра аудандарында орын алады, қыркүйек пен қазанда Бұқар-Жырау және Абай аудандарында және қазан айында Шет ауданында байқалды.Қарағанды облысының әр аудандарынан Қарағанды қ. базарларына келіп түсетін сиыр етінде ауыр металл қосылыстарының қалдық мөлшерінің жинақталу динамикасы8, 9,10,11,12 суреттеріндегі диаграммаларда жақсы көрсетілген.Диаграммада көрсетілгендей, жоғары мөлшерде жинақталу негізінен қорғасын, ал ең аз жинақталу кадмий бойынша маусымнан қазан айына дейінгі кезеңде, яғни, жазғы-күзгі кезеңдері байқалады. Сонымен, сиыр етінде ауыр металл қосылыстарының қалдық мөлшерлерінің ең көп жинақталуы да жазғы-күзгі кезеңдері шілдеден қазан айына дейінгі уақыт аралығында байқалады және осы тұрғыдан сау емес аудандарға Бұқар-Жырау, Абай және Шет аудандарын жатқызуға болады.…”