Бұл мақалада жүректің қабаттарына сәйкес қан тамырлары ерекшеліктерінің сыртқы факторлардың әсеріне байланысты зерттелуі жүректегі ангиогенез үдерісін жан-жақты түсінуге, жүректің қанмен қамтамасыз етілуі бұзылыстарын негіздеуге мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты. Тәжірибелік жағдайда бихромат натрий және линданның созылмалы әсерінде миокардтағы қан тамырлары тығыздығының ерекшеліктерін сол жақ қарынша қабырғаларының көрсеткіштеріне сәйкес зерттеу. Материал және әдістері. Тәжірибелік жұмыс: зерттеу дизайны тәжірибелік салыстырмалыбақылаулы, P. Houpert, S. Frelon 2005 протокол бойынша 2 серияда жүргізілді. Тәжірибелік жануарлар салмағы 20-30 г болатын 65 тексіз ер тышқандарға жүргізілді, 3 топқа бөлінді: 1 топ-бақылау; 2 топ-бихромат натрийдін әсері; 3 топ-хлорорганикалық пестицид-Линданның әсері. Зерттеуге тышқандардың жүрегі алынды. Нәтижелері және талқылауы. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бихромат натриймен линданның әсері жағдайында тәжірибелік жануарлардың ұрпақтарындағы болатын өзгерістерді талдау барысында химиялық косылыстардың ұзақ уақытқа созылатын әсерлерінің бар екенін көруге болады. Екі улану тобында да, сол жақ қарынша қабырғасының микроорганизациялық құрылымында бақылау тобымен салыстырғанда айқын өзгерістердің болмауы, бейімделу дәрежесінің көрінісі болуы, қан тамырларының көлденең кесіндідегі пішіндерінің ұзарып өзгеруі тамыр қабырғасындағы бұзылыстармен байланысты болуы мүмкін. Қан тамырларындағы сандық тығыздығының айқын өзгерісі болмағанмен, оның құрылысындағы өзгерістер, сапалық көрсеткіштерге әсер етуі мүмкін. Қорытынды. Сонымен, бихромат натрий мен линданның созылмалы әсері кезіндегі сол жақ қарынша қабырғаларындағы микроорганизациялық құрылымындағы морфометриялық көрсеткіштеріндегі өзгерістер уланудың бірінші айында қан тамырларының сандық тығыздығының артуымен қатар, диаметрлерінің біршама кішіреюімен көрініс берді. Бұл көрсеткіштердің осы өзгерістері уланудың екінші айында қарқын алып, сандық тығыздығының артуымен, ұсақ қан тамырларының пайда болуымен көрініс берді. Негізгі сөздер: миокард, сол жақ қарынша, қан тамырлар, бихромат натрий, хлорорганикалық пестицид-Линдан, тәжірибелік зерттеу.