Ағылшын тіліндегі түркі кірме сөздерінің бейімделуінің маңызды көрсеткіштерінің бірі оларды ағылшын тілінің түрлі (түсіндірме, этимологиялық, фразелогиялық) сөздіктерінде саралау, сондай-ақ оларды әртүрлі көркем шығармаларда пайдалану. Тілдік байланыстар лингвистикалық, мәдени және тарихи факторлардың өзара әрекеттестігінде байқалады және мәдениетаралық коммуникацияның маңызды процесі болып табылады. Тіл механизмі ретінде түрлі тілдерде белсенді қолданылатын түркі лексикалық элементтері ерекше назар аударуды талап етеді. Әртүрлі тілдерді салыстыру кірме сөздердің тілдің әмбебап фактісі екенін көрсетеді, оның тілдік мәні олардың әртүрлі тілдер жүйесіне кіруінің абсолюттік немесе салыстырмалы хронологиясын анықтауға мүмкіндік береді. Реципиент тілінің лексика-семантикалық жүйесімен тығыз байланысты түркі тілдері ену жолдары мен бейімделу дәрежесін көрсете отырып, ағылшын және басқа тілдердің тілдік бірліктерінің корпусын кеңейтеді. Бұл ретте тілдің лексикалық және фонетикалық әлеуетінің заңдылықтары есте сақталады. Түркі кірме сөздеріне тек түркі сөздері ғана емес, сонымен қатар араб және моңғол, парсы, татар, өзбек, қазақ тілдеріндегі лексикалық элементтер кіреді.