Мақалада монотерпендер туралы жалпы мәлiметтер, олардың құрылысыныңерекшелiктерi, «құрылыс-биологиялық белсендiлiк» байланысы қарастырылды.Монотерпендер; және 1,2,3-триазол, 1,2,3-триазол, линалоол, терпинеол-4, 1,8-цинеол, 3-амино1,2-диол, 1,2,4-оксадиозол, 1,3,4-оксадиазол, пинан, каран. Терпендер реакциялық қабiлетiжәне дәрiлiк қасиеттерi жоғары қосылыстар болғандықтан оларды биологиялық белсендiлiгiнебайланысты дәрiлiк химияның iргетасы ретiнде қарастыруға болады. Монотерпендер жәнеолардың туындылары жаңа биологиялық белсендi қосылыстарды, соның iшiнде дәрiлiкзат ретiнде қолданысқа ие бола алатын заттарды iздестiруде маңызды рөл атқаратындығыҚазақстандық және шетелдiк ғалымдардың зерттеу жұмыстарынан, мақалаларынан айқынкөрiнедi. Қазiргi таңда монотерпендерге негiзделген синтездер арқылы анальгетикалық,антибактериялық (линалоол, терпинеол-4, 1,8-цинеол), антиконвульсанттық, қабынуға(тимол, карвакрол, n-циен және γ -терпин), вирусқа («Биалм» сығынды жақпа майы),депрессияға, қатерлi iсiкке (1,2,3-триазол, 1,2,4-оксадиазол, 1,3,4-оксадиазол, имино-1,3-оксазин) қарсы дәрiлiк препараттар жасалған. Мақалада кейбiр монотерпендер және олардыңтуындыларын зерттеудiң маңыздылығы, олардың биологиялық белсендiлiгi айқындалды.