Ұлттық экономиканың табысты дамуы үшін белгілі бір технологиялық әлеует қажет. Технологиялық артықшылықтар бүгінде халықаралық бәсекенің шешуші факторына айналды, сондықтан жинақталған технологиялық әлеуетті іске асыруға және оны одан әрі нығайтуға қол жеткізу өте маңызды. Мақалада «технологиялық әлеует» ұғымы, сондай-ақ онымен байланысты экономикалық категориялар қарастырылады, олардың мазмұны туралы автордың ұстанымы негізделген.Технологиялық әлеуетті бағалауға деген қолданыстағы отандық және шетелдік тәсілдемелерге талдау жүргізілген. Сондайақ Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуметінің қазіргі таңдағы жағдайына баға берілген. Соңғы жылдары еліміздегі ғылымды қаржыландыруды басқарудың жаңа түрлерін құру бойынша іс-шаралардың қабылданғандығы, бірақ ғылыми-технологиялық әлеует деңгейінің әлі де болса қоғамның қажеттіліктерінің, экономиканың нақты секторының сұраныстарына толық сай келмейтіндігі атап өтілді. Зерттеу пәні болып әлемдік нарықта еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы инновациялық экономиканы дамытудың технологиялық әлеуеті табылады. Түйін сөздер: технологиялық әлеует, ҒЗТКЖ, инновациялық стратегия, экономика, инновациялық технологиялар. Аннотация Успешное развитие национальной экономики требует наличия определенного технологического потенциала. Технологические преимущества стали сегодня решающим фактором международной конкуренции, поэтому крайне важно добиваться реализации накопленного технологического потенциала и его дальнейшего укрепления. В статье рассмотрены понятие «технологический потенциал», а также смежные с ним экономические категории, обоснована авторская позиция об их содержании. Проведен анализ существующих отечественных и зарубежных подходов к оценке научно-технологического потенциала. Дана оценка современного состояния научно-технического потенциала Казахстана. Отмечено, что последние годы в стране приняты меры по созданию новых форм управления финансированием науки, но уровень научно-технологического потенциала еще не в полной мере соответствует запросам реального сектора экономики потребностям общества. Предметом исследования является технологический потенциал развития инновационной экономики в Казахстане для обеспечения глобальной конкурентоспособности страны на мировом рынке.