Мақалада екі көрнекті тұлға –Лев Толстой мен Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, ойлары мен философиялық көзқарастарының ұқсастықтары қарастырылған. Әртүрлі мәдени және уақытша контекстерге қарамастан, екеуі де адамның моральдық кемелденуіне ұмтылдыжәне адам өмірінің рухани аспектілеріне ой жүгіртті. Зерттеу барысы салыстыру әдістерібойынша қарастырылды.Зерттеудің өзектілігі екі дара тұлғаның ойлары мен тұжырымдары арқылы шығармашылықтарындағы сыни көзқарастары талданады. Философтардың шығармашылығы арқылы айқын дәстүрлер мен жаңашылдықтың өзара байланысы мен ортақ құндылықтары мақаланың негізгі ерекшелігі болып табылады.Бұл мақалада екі философтың да моральдық қағидалар мен әлеуметтік әділеттілікке терең мән бергені айқындалады. Олар өнегелі тұлғаны қалыптастыруда адал еңбек, ар-ождан, рухани дамудың маңыздылығын атап көрсетеді. Зерттеу сонымен қатар олардың ортақ құндылықтарын атап көрсетеді: балаларға деген сүйіспеншілік, ақыл-ой еңбегінен дене еңбегінің басымдығы, көпжақты білім беру және әртүрлі халықтардың мәдени құндылықтарынақызығушылық. Олардың хат алмасуы, Толстойдың ертегілерін қазақ тіліне аударуы рухани жақындық пен пікір алмасудың тереңдігін айғақтайды. Мақалада қарастырылатынмаңызды тақырып –эстетикалық құндылықтар. Шәкәрім мен Толстой шығармаларындағы шындық пен ізгілік арқылы рухани үндестіктікөреміз. Бұл зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы олардың философиялық көзқарастары мен эстетикалық құндылықтарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, қазіргі қоғамға әсерін терең түсінуге мүмкіндік беруінде.Зерттеу әдістеріне екі автордың философиялық еңбектерін талдау, олардың корреспонденциясын зерттеу, әдеби шығармаларын талдау, қазіргі өнер және философия ғалымдарымен сұхбаттар жатады.Зерттеудің міндеттері:Зерттеу нәтижелері барысында адамгершілік, рухани даму және өнердің тәрбиедегі рөлі сияқты ортақ құндылықтардыашып көрсету. Бұл нәтижелер философтарға, әдебиеттанушыларға және адамгершілік пен өнер мәселелеріне қызығушылық танытатын кез келген адамға пайдалы болуы мүмкін. Зерттеу сонымен қатар қазіргі қоғамдағы философия мен өнердің қарым-қатынасы туралы жаңа түсінік береді. Зерттеу барысында алынатын нәтиже екі көрнекті тұлғаның шығармашылықтарындағы ұқсастықты жан -жақты салыстыра отырып, дәріптеу.Зерттеудің мақсаты: Шәкәрім мен Толстой шығармаларындағы рухани үндестікті дәріптеу. Адамзат қоғамының болашағы туралы ой-толғамдары, адам болмысы, оның адамгершілігі туралы құнды ойларын, пайымдарын насихаттау болып табылады.