Экономикалық өсуді ынталандыру үшін өсімдік шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізі болып табылады. Өнімділікті болжау ауылшаруашылық жоспарлау мен басқарудың маңызды аспектісі болғандықтан, болжаудың заманауи әдістері мен модельдері маңызды рөл атқарады. Дақылдардың өнімділігі дақылдарды өсіру аймағының климаттық жағдайларына байланысты. Ауа-райының бидай өнімділігіне әсерін болжау үшін заманауи интеллектуалды әдістерді, соның ішінде машиналық оқыту әдістерін қолдана отырып модельдеу жоғары тиімділікке ие. Метеодеректер мен машиналық оқыту (ML) әдістеріне негізделген модельдер өнімділікті болжау кезінде уақытты едәуір қысқартуға және ауа-райының өнімділікке әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мақалада қолда бар деректер негізінде дақылдардың өнімділігін болжау үшін заманауи машиналық оқыту алгоритмдері қолданылды. Қарастырылып отырған алгоритмдерге салыстырмалы талдау жүргізілді. Сызықтық алгоритм, шешімдер ағаштары және бустинг алгоритмдерінің әдістеріне негізделген ML модельдері қолданылды. Өнімділік Ақмола облысы Ақкөл ауданының метеодеректеріне сүйене отырып болжанған.