Тіліміздегі көптеген лексикалық бірліктер мен олардың мағыналарыныңтөркіні мен тарихына этимологиялық талдаулар жүргізілуі керек. Ал этимология теориялық негіздеуді, талдаудың әдістемелік жетілуін талап етеді. Белгілі бір сөздің немесе сөздердің төркіні мен тарихын анықтау мақсатын орындау үшін сөздердің бірініңбастапқы мағынасын, екінші бір сөздің басқа мағыналарын, үшінші бір сөздердің лексикалық немесе фразеологиялық тіркес, мақал-мәтелдер құрамындағы мағыналарынталдау, жинақтау және жүйелеу қажет. Бұл мақсат-міндеттердің лингвистика тарихында қарастырылуы ғылым пайда болғалы бар десе де болады. Себебі сөздердің төркінімен тарихы адам баласын тәжірибелік, ғалымдарды ғылыми тұрғыларда қызықтырыпотырған. Ізденістің негізгі нысаны сөз мағынасының тарихы болғандықтан, ретроспективалық әдістің синхрония-диахрония, анализ-синтез, индукция-дедукция, жекелепжәне кешенді талдау тәсілдері кеңінен қолданылады.Мақалада түркі тілдеріне ортақ «от» түбір сөзінің түбір сөз, туынды сөз, лексикалықтіркес, фразеологиялық тіркес құрамындағы лексикалық және грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары толық есепке алына отырып, түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдерінің материалдары түгел талдау нысанына айналды.Этимонның этимологиясын зерттеу сөз семантикасы, семантикалық деривация, деривациялық процесс, реконструкция түрлері және семантикалық реконструкция жәнесөз этимологиясының негізі – компаративистика деген 5 тағаннан тұрады. Этимологиялық талдау жасалатын сөз фонемалық, морфемалық, лексемалық және синтагмалықдеңгейлерде, яғни кешенді түрде талданды.Түркі «от» ұғымының этимологиясын сөз семантикасы, сөз тіркесі семантикасы,түбір сөз семантикасы, туынды сөз семантикасы, күрделі сөз семантикасы тұрғыларынан талдай отырып, «от» семасының архисемасы – «өсімдік» мағынасы деген түйінжасауға болады