Экологиялық мәселелер күн тәртібінде тұрған Қазақстан Республикасында экология саласына жасанды интеллектті енгізу мүмкіндігі қоршаған ортаның жағдайын жақсарту жолындағы маңызды қадам ретінде қарастырылуда. Дегенмен, бұл технологиялар ұсынатын көптеген артықшылықтарға қарамастан, оларды пайдалану заңнамалық және реттелуі тұрғысынан өзекті болып табылады.
Зерттеу қоғамның үйлесімді дамуын және планетамыздың табиғи ресурстарын сақтауды қамтамасыз етудің маңызды қадамы болып табылатын осы саладағы құқықтық реттеудің ең тиімді әдістерін табуға бағытталған. Бұл мақалада қоршаған ортаны қорғау саласында жасанды интеллектті пайдалануға қатысты заңнамалық талдау жасалынған. Авторлар нақты мақалада осы саланың заңнамалық реттелуін зерттеп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жасанды интеллектті қолданудың заңнамалық принциптеріне тоқталып, экологиялық салаға жасанды интеллектті енгізу кезінде туындайтын негізгі мәселелерді жан- жақты қарастырып, оларды шешудің мүмкін жолдарын ұсынады, бұл өз кезегінде экологиялық мәселелерді тиімдірек шешуге мүмкіндік береді.