"Термосерпімділік – классикалық серпімділік пен жылу өткізгіштік теорияларын жалпылау болып табылады және құбылыстардың кең ауқымын сипаттайды. Бұл теория изотропты орта жағдайында термосерпімді толқындардың таралуын дәл болжай алады. Бұрыннан зерттелген изотропты ортада толқындарды - тура және кері деп ажыратуға болатындығынан, бұл орталарды зерттеу онай болып табылады. Алайда, тетрагоналды сингонияның анизотропты ортада термосерпімді толқындардың таралуы әлі толық түсінілмеген. Анизотропты орта жағдайында параметрлердің саны көп болғандықтан, едәуір есептер шешілмеген болатыны белгілі. Бұл жұмыста серпімділік теориясы температура мен деформацияның өзара әрекеттесуін ескермейтін температуралық кернеудің шамамен теориясы қолданылды. Сонымен қатар, матрицант әдісін қолдана отырып, тетрагоналды кристалдық жүйенің кластарының анизотропты ортасында бойлық серпімді және жылу толқындарының таралу мәселелеріне аналитикалық зерттеу жүргізілді. Бұл мақалада жылу толқындарының z осі бойымен таралуы туралы шешімі қарастырылды. Атап айтқанда, бір өлшемді кеңістікте жылу толқындарының таралуы мәселесі шешілді: өшу коэффициенті мен жылу толқынының фазалық жылдамдығының әртүрлі материалдардағы бұрыштық жиілікке тәуелділігі анықталды. Есептеу нәтижелері әртүрлі сингониялардың анизотропты орталарда термосерпімді толқындардың таралуын жақсырақ түсіну үшін пайдалы болып табылады. Кілтті сөздер: анизотропты орта, серпімді толқындар, кристалдық жүйелер, тетрагоналды сингония, термосерпімділік, матрицант. "