Бұл ғылыми жұмысты кедергіге орнықты кодтарды зерттеуге бағытталған [1] жұмыстың жалғасы ретінде қарастыруға болады. Ұялы желілерде деректер мен дауысты жіберу үшін 3G, 4G мен 5G технологиялары мен сәйкесінше стандарттары қолданылады. Бұл стандарттарда арна кодтары ретінде LDPC және турбо-кодтары пайдаланылды. Бұл ұсынылған мақалада деректерді жіберу кезінде қателерді анықтау және түзету үшін қолданылатын блоктық кодтардың ең маңызды түрі Хэмминг, Рид-Соломон және LDPC кодтары зерттелді. MatLab ортасында әрбір кодтың Simulink-моделі тұрғызылды. Кодтың әрбір түрінің жұмыс істеуінің негізгі қағидалары, олардың қателерді табу қабілеті мен тәжірибелік қолдану салалары қарастырылды. Кодтардың параметрлері мен сипаттамаларын талдау олардың әр түрлі жағдайларда қателерді анықтау және түзету мүмкіндіктерін ескере отырып, жүргізілді. Зерттеу нәтижелері Хэмминг кодтары іске асырылуы оңай, болмашы қателерді анықтауда тиімді екенін растады. Рид-Соломон кодтары көп қателерді түзету мүмкіндігін көрсеткенімен, LDPC кодтары әр түрлі жағдайларда тамаша өнімділікті берді. Әдеби шолу мен нәтижелерді талқылау кедергіге орнықты кодтардың белгілі бір түрін таңдау сенімділік талаптарына, деректер сипаттамаларына және қолда бар ресурстарға байланысты екенін көрсетті. Кілтті сөздер: кедергіге орнықты кодтау, қатені анықтау, қателерді түзету, ақпаратты қорғау, LDPC кодтары, блоктық кодтар, модель.