Диспрозий қос теллуриттерінің синтезі, кристаллохимиясы жəне құрылысыМақалада қатты фазалық əдіспен диспрозий (III), теллур (IV) оксидтері жəне сілтілік-жер металдары карбонаттарының əрекеттесуі нəтижесінде диспрозийдің s-элементтерімен жаңа қос теллуриттерін алудың мүмкіндігі көрсетілген. РФА əдісімен теллуриттердің сингония түрлері, элементар ұяшықтарының көрсеткіштері, рентгендік жəне пикнометрлік тығыздықтары анықталған. Сондай-ақ РФА жəне квантты-химиялық есептеулерінің нəтижесінде диспрозий қос теллуриттерінің құрылымдық модельдері ұсынылған.Кілт сөздер: диспрозийдің қос теллуриттері, рентгенфазалық талдау, сингония, квантты-химиялық есептеулер, құрылымдық модельдері.