Қоректік орта микробалдырлардың клеткаларының тіршілік әрекеті кезіндегі зат алмасу процестерін, энергия алмасуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ өсуге маңызды элементтерді қамтитын субстрат. Микробалдырлардың қоректік ортасын өзгерту арқылы, олардың клеткаларының өсу көрсеткіштерін және химиялық құрамын өзгертуге болады. Бұл жұмыста микробалдыр Scenedesmus obliquus sp. B7 штамының өсу ортасына, яғни Прата қоректік ортасына қосымша қосылған натрий хлордың (NaCl) 2,5 г/л және 15 г/л аралықтағы концентрацияларын қосып, бұл орталарда өскен Scenedesmus obliquus sp. B7 штамының өсу көрсеткіштері, биомасса құрамындағы пигменттер (хлорофилл а, b) мен липидтердің мөлшері зерттелді. Бұл нәтижелер бойынша, бақылаумен салыстырғанда Scenedesmus оbliquussp. B7 штамының өсу динамикасы мен бірқатар пигменттер құрамының жиналуына NaCl-дың 10 г/л оңтайлы болып табылса, ал керісінше липидтердің мөлшері NaCl-дың 15 г/л-де ең жоғары мөлшерде жиналғаны анықталды. Мұндағы, өсу тығыздығы бақылаумен салыстырғанда NaCl-дың 10 г/л –де 80% - ға өскен болса, хлорофилл а және b көрсеткіштері 2,2 және 3 есеге дейін жоғарлағаны белгіленді. Ал, тәжірибедегі бақылаумен және басқа нұсқалармен салыстырғанда NaCl-дың 15 г/л концентрациясындағы биомасса құрамында липидтердің мөлшері 2,52 есе жоғарлағаны анықталды. Бұл көрсеткіштерден микробалдыр S. obliquus sp. B7 штаммының бізбен алынған тұздың жоғарғы концентрациясында (10 г/л) клеткаларының өсімі мен бейімделгіштігінің жоғары екенін көрсетеді.
Nutrient medium is a substrate that provides metabolic processes during vital activity of microalgae cells, energy metabolism, and elements essential for microalgae growth. It is possible to alter the growth indicators and chemical composition of microalgae cells by changing the components of nutrient medium. In these studies, growth indicators, chlorophyll (a, b) and total lipid content in the biomass of Scenedesmus obliquus sp. B7 strain grown on Prata medium with the addition of sodium chloride concentrations in the intervals of 2.5 g/l and 15 g/l were evaluated. According to these results, compared with the observation, it was found that 10 g/l NaCl was optimal for the growth dynamics of Scenedesmus obliquus sp. B7 strain and accumulation of some pigment compositions. Nevertheless, the optimum value for the highest total lipid content was 15 g/l NaCl. It was determined that the chlorophyll a and b indicators increased by 2.2 and 3 times, respectively, when the growth density was increased by 80% in 10 g/l NaCl compared to the control. In comparison with experimental observation and other variants, it was ascertained that the content of total lipids in biomass was 2.52 times higher when 15 g/l NaCl was added to the nutrient medium. It can be concluded from these indicators that the microalgae Scenedesmus obliquus sp. B7 strain shows a high level of growth and cell adaptability at a NaCl concentration of 10 g/l in the nutrient medium.