Мақалада психологиялық парасаттылық ұғымына теориялық талдау беріледі. Шетелдік зерттеушілер бірнеше онжылдықтар бұрын адамның ішкі әлеміне қол жетімділік дәрежесін, әртүрлі эмоциялар мазмұнын, оны қаншалықты қызықтыратынын, оның «Мен» бейнесін құруға қаншалықты эмоциялық түрде қосылғанын көрсететін сипаттамалардың бірі психологиялық парасаттылық екенін анықтады. Осылайша, осы жеке ерекшеліктерді бағалау және психология-лық көмектің жақсы нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететін ерекшеліктерді анықтау қазіргі уақытта маңызды және өзекті мәселе болып табылады.Психологиялық парасаттылық ұғымының анықтамалары қарастырылып, моделі ұсынылған. Психологиялық парасаттылық психологиялық процестерге, қарым-қатынастар мен мағыналарға рефлексия жасау қабілеті ретінде анықталады және жеке адамның эмоциялық және интел-лектуалдық өлшемдерде, рефлексияға қызығушылық пен қабілеттілік дәрежесінде және өзін-өзі бағалауында көрінеді. Қабілет қызығушылықпен дамып, шектеледі, ал интеллектуалдық психологиялық ой-өріс аффективті психологиялық парасаттылық арқылы дамып, шектеледі.