Мақсаты: Цифрландыру саласындағы қарқынды жаһандану жағдайында ауыл шаруашылығының маңызы дәстүрлі саладан инновациялық шешімдер мен әзірлемелерге арналған жаңа нарықтар құруға қабілетті жоғары технологиялық салаға ауысады, мұнда ең алдымен Қазақстанда ауыл шаруашылығын, «жасыл экономиканы» цифрландыру шеңберінде енгізілетін негізгі технологиялар ауыл шаруашылығы техникасының GPSнавигациясы, таразы жұмысын автоматтандыру, сонымен қатар өрістердің электрондық карталары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ автоматтандырылған энергия тасығыштар, электр энергиясын өндіру және пайдалану болып табылады. Мақалада Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында тиімді цифрлық технологияларды енгізу және дамыту ерекшеліктеріне талдау жүргізілді, онда негізгі проблема ретінде ауыл шаруашылығының электр энергиясын пайдалану, өндіру және жағдайын экономикалық бағалау мәселесі айқындалды. Осыған байланысты осы саланы одан әрі дамытудың проблемалары мен перспективалық бағыттарын айқындау мақсатында ауыл шаруашылығына тиімді, цифрлық технологияларды енгізу және дамыту ерекшеліктерін зерттеу қызығушылық тудырады. Зерттеу объектісі азық-түлік және экономикалық қауіпсіздікті, сондай-ақ электр энергиясын өндіру мен пайдалануды қамтамасыз ететін Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі — ауыл шаруашылығы болып табылады. Әдісі: Авторлар ғылыми таным әдістерін, атап айтқанда талдау, синтез, шегеру, индукция, абстракциялау және нақтылау, статистикалық ақпаратты жалпылау және топтастыру, дерексіз-логикалық, функционалды және салыстырмалы талдау, пәнаралық тәсілдерді пайдаланылды. Қорытынды: 2022–2024 жылдарға арналған «ауыл/орман шаруашылығының электр энергиясын түпкілікті тұтынуы» көрсеткішінің болжамды мәндерін анықтау үшін тренд моделі құрылды, оның барысында модельдің сапалы және болжау үшін пайдаланылуы мүмкін екенін көрсететін кезеңдер орындалды. Тұжырымдар: Ауыл шаруашылығы электр энергиясының жай-күйін, өсімін молайтуды және пайдалануды экономикалық бағалаудың дамуына талдау жүргізе отырып, 2012 жылдан бастап Қазақстанда электр энергиясын жалпы тұтыну тұрақтандырудың жаңа кезеңіне кіргенін атап өтуге болады. Ол 2000–2012 жылдары байқалған салыстырмалы түрде жылдам қарқынмен өсіп отырған жоқ (жылына орта есеппен 4,4 %), ал тренд моделінің көмегімен жүргізілген есептеулерге сәйкес қалыпты қарқынмен дамып келеді.