Мақалада қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойларының сүттілігі мен сүт құрамына қосымша азықтандырудың әсеріне арналған зерттеу нәтижелері келтірілген.Зерттеу нысаны ретінде Қарағанды облысы жағдайында өсірілетін қазақтың ұяң жүнді құйрықты қой тұқымының төрт жастағы саулықтары болды. Жалпы тәжірибеге 30 бас саулық, оның ішінде тәжірибелік топта 15 бас және бақылау тобына 15 бас аналог әдісімен алынған. Тәжірибедегі барлық саулықтар бір жағдайда жайылымда күтіп бағылған. Тәжірибелік топтағы саулықтарға қосымша азық ретінде экструдталған құрамажем тәулігіне бір басқа 300 г беріліп, ал бақылау тобына қосымша азықтар берілмеген. Зерттеу барысында тәжірибеге алынған саулықтар желіндерінің морфологиялық көрсеткіштері тәжірибенің басы мен соңында анықталып, лактацияның 105 күнінен бастап желін өлшемдерінің өзгерістері байқалған. Сауылған сүт мөлшері бойынша лактация басында саулықтардың орташа тәуліктік сауымы бақылау және тәжірибелік топтарына сәйкесінше 1380 және 1400 г құраса, ал тәжірибе соңында сәйкесінше 230 және 260 г болған, яғни зерттеуге алынған топтар бойынша тәжірибе тобының сүттілік көрсеткіші басым болғаны анықталған (P<0,05). Тәжірибедегі саулықтар сүтінің физика-химиялық құрамы бойынша қалыпты норма шегінде болды. Қосымша азықтандырылған саулықтардың сүтіндегі май мөлшері лактация соңына дейін тұрақты болатыны анықталды.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.