Аннотация. Турбулентті ағыстардағы конвективті жылу тасымалы құбылыстары химиялық реакцияларды ескергенде кең тараған және табиғат құбылыстарында, өнеркәсіптің алуан түрлі салаларында маңызды рөл атқарады. Осындай ағыстардың заңдылықтарын білу жану теориясының физикасын қалыптастыруда, жаңа физика-химиялық технологияларды жасап шығаруда, жылуэнергетикасы мен экология мәселелерін шешуде маңызды. Зерттеу барысында жанудың күрделі процесін жану реакциясының көптеген физикалық және химиялық параметрлерінің әсеріне тәуелділігі тұрғысынан талдау жүргізілді. Көпфазалы жүйелердегі құбылыстарды зерттеуде жоғары турбуленттіліктегі сұйық тамшыларының түзілу теориясын дамыту қызығушылық тудырады. Берілген жұмыста гетерогенді екіфазалы ағыстардағы тамшылардың бүрку, тұтану және кеңістікте таралу процестері компьютерлік модельдеу әдістерінің көмегімен зерттелінді. Аталған зерттеулер қазіргі уақыттағы өзектілігі жоғары экологиялық мәселелерге, оның ішінде зиянды улы металдардан, күкірт, азот, қышқылдары, көміртегі тотықтары мен өзге зиянды заттардан тұратын атмосфералық ластану мәселелеріне негізделе жүзеге асырылды. Жұмыста дербес туындылы дифференциалдық теңдеулерді шешу негізінде математикалық модельдеу әдістерінің көмегімен жоғары турбуленттіліктегі сұйық отындардың дисперсиясы мен жану процестеріне зерттеу жүргізілді және жану камерасындағы көмірқышқыл газының түзілуін ескеру арқылы тиімді технологиялық жану режимі анықталды.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.