Мақалада қазіргі кездегі жаңа ТЭ33А, АС маркалы жылжымалы құрамлокомотивтеріне сервистік қызмет көрсету жүйелерін кең ауқымды CҚК-1,2,3,4,5,6 сервистік қызмет көрсету орталықтарында күрделендіру мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар, сервистік қызмет көрсету CҚК-1,2,3,4,5,6 орталықтарының құрылымы және олардың жұмыс істеу принциптері келтірілген. Қазіргі сервиcтік қызмет көрсету CҚК-1,2,3,4,5,6 орталықтарының технологиялық жабдықтарын тиімді пайдалануға қабілетті, оның жөндеуде тұру уақыты, жөнделген техниканың сапасы, бос тұру уақыты, кезектен тыс жөндеуге ағытылу мерзімін анықтауды талдау және т.б. шамалар қарастырылады. Заманауи сервистік қызмет көрсететін CҚК1,2,3,4,5,6 орталықтарының барлық шағыны кішігірім сервистік орталықтарға жұмсалатын шығынынан кем болатыны тәжірибе жүзінде дәлелденген. Сондай-ақ қаржылай үнемдеуге мүмкіндік беретін депоға айналдыру осы мақалада жан-жақты қарастырылған мәселе болып есептеледі. Ғылыми мақалада, сонымен қатар, жұмыс жасап тұрған жөндеу мекемелерінің қосалқы бөлшек қорының аздығынан уақытқа байланысты шығынның көбейіп кететіндігі, оның алдын алу үшін экономикалық тиімділік әкелетін жобалардың өміршеңдігі туралы түсіндірілген. Алдағы уақытта жұмыс жасап тұрған жөндеу орталықтары жанынан қосымша әрлеу жұмыстарын атқаратын арнайы камера құрылысын экономикалық тұрғыдан негіздеу қажеттілігі айтылған. Кілт сөздер. Жылжымалы құрам, локомотивтер, жөндеу кезіндегі сенімділік, тиімділік, пойыздар қозғалысы, қауіпсіздікті реттеу процесі.