Қазақ антропологиясын әлемдік ғылыммен интеграциялауда туыстық жүйе мәселесінің алатын орны ерекше. Себебі, қазақ туыстық заңдылықтары мен әлемдік ғылымда орын алған тұжырымдар арасында біраз алшақтықтар бар. Олар қазақ туыстық антропологиясындағы басы ашылмаған мәселелерге көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Бұл, бір жағынан, әлемдік антропология әдістерін отандық ғылымда кең қолдануға, екінші жағынан, әлемдік классификация мен типологияда қазақ (түркі-моңғол) туыстық жүйесінің орнын анықтауға жол ашпақ. Мысалы, қазақтың дәстүрлі көшпелі социумын зерттеуде отбасы қатынастары мен туыстық жүйе механизмдерін талдау аса маңызды міндеттердің бірі. Осы жолда батыс ғылымының әдістерін меңгеру, әлемдік туыстық антропологияда қазақ туыстық жүйесінің орнын анықтау, соның ішінде қазақ туыстық терминдер жүйесінің типологиясы мәселесін қарастыру маңызды. Мақалада ішінара туыстық қатынастарды процессуалдық тұрғыдан қарастыру арқылы талдау мәселесіне көңіл бөлінген. Талдаудың бұл түрі мүліктік қатынастар мен заң және моральдық нормалардың туыстық жүйе арқылы социумдағы реттелу жолдарын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қазақ туыстық жүйесінің ғылымға белгілі типологиялар жүйесіне сәйкеспейтіні және жалпы туыстықтыққа қатысты әлемдік тәжірибеде кезедесетін қалыпты заңдарға бағынбайтын тұстары қарастырылады.Түйін сөздер: отбасы, туыстық жүйе, байланыстылық, туыстықтың процессуалды сипаты, минорат, майорат, туыстық терминдер жүйесінің типологиясы.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.