Бұл мақалада уранды жерасты шаймалау әдісі арқылы өндіруді модельдеу есептеулерін MPI параллельдеу технологиясын пайдалану арқылы жүзеге асырылды. MPI технологиясы ғылыми есептеулерде белсенді қолданылады және процесстерді ішкі облыстарға бөлуінің арқасында есептеулерді тездетуге мүмкіндік береді. Есептеудің бастапқы облысы әр жеке процесске арналған ішкі облыстарға бөлініп, барлық процесстердің синхронды жұмыс жасауы үшін әр облыс бірдей нүкте санына бөлінді. Параллель есептеулер алгоритмі әртүрлі процесс сандарын іске қосулармен тексерілді. Бастапқы облыстағы нүктелер саны 360×180×180 құрады. Процесс саны өскен сайын, оған бөлінген нүктелер саны азаяды, яғни есептеу уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Жерасты шаймалау технологиясы - бұл ұңғымалар арқылы қабаттарға сілтісіздендіру ерітіндісін айдау және сілтісіздендіру ерітіндісінің кенмен химиялық өзара әрекеттесуі арқылы тау жынысы ішіндегі минералды селективті еріту әдісі. Жерасты шаймалау әдісі тұз, калий, күкірт сияқты әртүрлі қатты заттарды бөліп алуға қолданылатын ерітінді негізінде өндіруші әдістер тобына жатады. Кен қабатын еріткішпен қышқылдандыру, кен денесіндегі сорылатын қышқыл ерітіндісін фильтрациялау және өнімді ерітіндіні сору процестерін қарастырып, реагенттің, сұйық және қатты фазадағы пайдалы компонент концентрацияларының таралулары анықталды.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.
customersupport@researchsolutions.com
10624 S. Eastern Ave., Ste. A-614
Henderson, NV 89052, USA
This site is protected by reCAPTCHA and the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.
Copyright © 2025 scite LLC. All rights reserved.
Made with 💙 for researchers
Part of the Research Solutions Family.