Мақалада ауылшаруашылық қалдықтарынан биоэнергияны өндіру мүмкіндігі қарастырылған. Әдеби шолу ғалымдардың ауыл шаруашылығына биоэнергияны енгізудің әртүрлі жақтарын зерттейтінін анықтап көрсетті: баға мен тиімділік көрсеткіштері; жобалардың өтелу мерзімдері; экономикалық, экологиялық және әлеуметтік факторлар; биомассаның қолжетімділігі. Ауылдық аумақтарда биоэнергияны енгізудің ағымдағы жай-күйін талдау қорытындылары бойынша мынадай мәселелер анықталды: технологиялық қондырғыларға арналған жоғары инвестициялық шығындар; ауыл азаматтарының қоршаған ортаны қорғау туралы шектеулі хабардар болуы; ауыл шаруашылығы қалдықтарын кәдеге жарату жөніндегі отандық ғылыми жобалардың болмауы; жинақталған кірістердің деңгейі күрделі шығындарды жаппайды; жеңілдікпен несие берудің және салық жеңілдіктерін берудің нақты тетіктерінің болмауы; ауыл шаруашылығы қалдықтарын энергия өндіру технологиясын тарату бойынша тәуекелдер. Мақала авторлары ауылдық аумақтарда биоэнергияны одан әрі дамыту жолдарын айқындап берді: фермерлік шаруашылықтарда биоэнергияны өндіру жөніндегі технологиялар экологиялық таза өнім алу үшін бағытталуы тиіс; салықтық жеңілдіктер беру арқылы биоэнергияны дамытуды ынталандыру; жеңілдікті несие беру тетіктерін енгізу мүмкіндігін қарастыру; ауыл жастарынан кадрларды мақсатты даярлауды жүзеге асыру; биоэнергияны дамыту мәселелері бойынша жаңа технологияларды енгізуге байланысты ғылыми жобаларды қаржыландыру.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.
customersupport@researchsolutions.com
10624 S. Eastern Ave., Ste. A-614
Henderson, NV 89052, USA
This site is protected by reCAPTCHA and the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.
Copyright © 2025 scite LLC. All rights reserved.
Made with 💙 for researchers
Part of the Research Solutions Family.