"Әртүрлі мәдениеттерде елдің дамуы және жеке тұлғаның өмірі мен іс-әрекет етуіне тікелей қатысы бар еңбек негізгі құндылықтар қатарына жатады. Алайда, сол мәдениеттерде еңбектің концептуалдануы адамның дүниетанымы мен қоршаған дүниені тануы арасындағы басқа мәдениет өкілдерінен айырмашылығымен айқындалады. Орыс тілі мен мәдениеті өкілдері үшін еңбек тарихи тұрғыдан байлыққа жетуге бағытталмаған адамның маңызды іс-әрекеті болса, американдық лингвомәдениетте еңбек жақсы қаржылық жағдай, белгілі бір өмір деңгейін сақтау үшін емес, рахат алу үшін жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ал неміс азаматы үшін еңбек тәртіп пен ұқыптылық, жұмысқа жауапкершілікпен қарау және ептілік секілді ұғымдардан тұрады. Осыда тұрғыда, бұл зерттеудің мақсаты қазақ тілі мен мәдениеті өкілдерінің тілдік санасында еңбектің концептуалдануын, оның этномәдени ерекшеліктерін айқындау және оны ассоциативті өріс түрінде бейнелеу болып табылады. Негізгі зерттеу әдісі 225 қазақ тілі мен мәдениеті өкілдерінің арасында өткізілген еркін ассоциативті эксперимент болды. «Еңбек» ынталандырушы сөзін қолданып өткізілген еркін ассоциативті эксперимент нәтижесінде ЕҢБЕК ассоциативті өрісі (300/95/53) қазақ тілдік санасында еңбектің күнделікті, ауыр, өмірлік жұмыс / адал, көп тер төгіп, болашағың үшін жұмыс жасау, маңдай, қара, таза төккен тер / көп тер төгу, ақша табу сияқты ұғымдармен ассоциацияланатындығын айқындады. "
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.
customersupport@researchsolutions.com
10624 S. Eastern Ave., Ste. A-614
Henderson, NV 89052, USA
This site is protected by reCAPTCHA and the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.
Copyright © 2024 scite LLC. All rights reserved.
Made with 💙 for researchers
Part of the Research Solutions Family.