Осы мақаланың мақсаты-қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарының дамуын болжау үшін адамзат өркениетінің әлеуметтік-технологиялық дамуын кезеңдерге бөліп талдау. Өйткені, әлемдік әлеуметтік-экономикалық жүйеде елдердің орны және олардың тарихи тағдыры экономикалық және әлеуметтік дамудың сандық және сапалық көрсеткіштерімен анықталады. Мақалада қаралған міндеттер қатарында қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарының өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтау болды. Негізгі технологиялардың дамуына және қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарының өзгеруіне белсенді әсер ететін факторларды анықтау мақаланың жаңашылдығы болып келеді. Мақалада адамзат өркениетінің әлеуметтік-ғылыми және технологиялық даму кезеңдері және осы дамудың жекелеген кезеңдерінің сипаттамаларына салыстырмалы талдау берілген. Адамзат өркениетінің әлеуметтік, ғылыми және технологиялық даму болжамы жасалды. Адамзат өркениетінің әлеуметтікғылыми және технологиялық даму болжамы негізінде ғылыми, шығармашылық және инновациялық қызметке деген ынтаны арттыру бағытында қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарының дамуын болжау мүмкіндігі туралы ұсынымдар келтірілген. Әлемдік экономикадағы дағдарыстар қазіргі заманғы адамзат өркениетінің дамуының мәні мен парадигмасын «тұтыну» қоғамынан «шығармашылық, өзін-өзі тану және адам дамуы» қоғамына іс-әрекеттің барлық салаларында өзгергеніне дейін жалғасады деген қорытынды жасалды. Түйін сөздер: технологиялық құрылым, әлеуметтік-мәдени құндылықтар, инновациялық ойлау, инновациялық толқындар, инновациялық қызмет, әлеуметтік-ғылыми және технологиялық дамудың кезеңдері, әлеуметтік-ғылыми және технологиялық кезең, әлеуметтік-экономикалық жүйе, экономикалық дағдарыстар, экономикалық циклдар.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.
customersupport@researchsolutions.com
10624 S. Eastern Ave., Ste. A-614
Henderson, NV 89052, USA
This site is protected by reCAPTCHA and the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.
Copyright © 2024 scite LLC. All rights reserved.
Made with 💙 for researchers
Part of the Research Solutions Family.