Мақалада жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерініңкоммуникативтік мәдениетінқалыптастыру мәселесі қарастырылып, оныңқазіргі таңдағы зерттелу деңгейіне түрлі ғылыми еңбектер негізінде шолу жасалады. Сонымен қатар болашақ мұғалімдер даярлығындағыкәсіби сауатты педагогикалық тілді тиімді қолданудың маңыздылығы айқындалып, оған сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына ықпал етушіжәне коммуникативтік мәдениеттіқұраушыкомпонент ретінде сипаттама беріледі.Авторлар жоғары оқу орны білім алушыларының педагогикалық бағытқа сәйкес кәсіби тілдік және коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруда қазіргі таңдағытүрлі зертттеу еңбектерінде ұсынылатынқұралдарға талдау жасап, олардың тиімділігінқарастырады.Зерттеудің мақсаты отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерін басшылыққа ала отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру мәселесіне жүйелі теориялық талдаулар мен өзіндік тұжырымдар жасау болып табылады. Негізгі әдістер ретінде зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми еңбектерді талдау және жалпылау, салыстыру, синтез және негізгі ұғымдарғаконтент-талдау жасау қолданылады.Шолу нәтижесінде контент-талдау әдісі арқылы«коммуникативтік мәдениет» категориясыныңмәні айқындалып, осы ұғымғатерең түсінік беруде басшылыққа алынатын түрлі ұстанымдар мен көзқарастарталданып, тұжырымдалады. Болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын жүзеге асырудағы маңызды«коммуникативтік мәдениет» ұғымыныңмәні бүгінгі ғылымдаәртүрліқатынас тұрғысынан анықталып,әлемдік ғылым кеңістігіндегі әркезеңдердегі түрлі зерттеулер мен авторлардың көзқарастары, тұжырымдарынегізіндезерделенеді. Педагогикалық процесті жүзеге асырудағы коммуникативтік мәдениеттің педагог қызметіндегіқажеттілігімен маңыздылығы айқындалып, оны қалыптастырудың қазіргіғылымдағыжолдарысараланады. Нақтыжағдайда осы процесті имитациялауға және сол арқылы білім алушылардың меңгерген кәсіби білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік беретін симулятивтік технологияны қолданудың тиімділігі сөз етіледі.