Мақалада болашақ мұғалімдердің азаматтық бірегейлігін қалыптастыру үшін елдің киелі жерлері тарихының құндылығын іске асырмау туралы өзекті мәселелері ашылды. Шетел зерттеушілердің азаматтық бірегейлігін қалыптастыру ғылыми еңбектеріне талдау барысында тұжырымдар сараланды. Азаматтық бірегейлікті іске асыру процесінде болашақ педагоктардың ғылыми-теориялық негіздері анықталған. Ұлттық бірегейліктің азаматтық бірегейліке жалғасуының өзі болашақ педагогтардың ізденісті – зерттеу мүмкіндігіне тікелей бағынышты екеніне басымдық берілді. Ұлттық бірегейлік пен азаматтық бірегейліктің тұтас жүйесін метаметодика сыңайында зерделеніп, оның феноменділігі болашақ педагогтардың азаматтық бірегейлігі ретінде зерттеу барысында сакральді орындар мен нысаналарға когнитивтік танымның гносеологиялық мәнге ие болуы, жеке индивидтің (зерттеуге қатысты) «Адам болмысын», танудағы онтологиялық мәнге ие болуы және сакральді нысаналардан адам баласына қызмет етерлік аксиологиялық қасиетке ие болғандарын дәйектілікпен талқылау жүргізілді. Болашақ педагоктардың тарихи қағидамен сакральді жерлер мен нысаналарды зерделеулері айқындалды. Болашақ мұғалімдер зерттеу, модельдеу, талдау, жалпылау, бағалау және т. б. сияқты ойлаудың жоғары деңгейін қолдана отырып, қасиетті нысаналар тарихы бойынша тапсырмаларды орындауы керек. Осы мәселенің оң шешімі ретінде қорытындысы бойынша білім алушылардың сакральді жерлер мен нысаналарды зерделеу арқылы азаматтық бірегейлікті қалыптастыру тиімділігі қарастырылған, нәтижелері кесте арқылы ұсынылған және эксперименттің қорытындыларын талдау барысында сипаттамалық келтірілген.