Мақалада Жетісу жотасының солтүстік беткейініңашық-қара қоңыр топырағы жағдайында өсірілген картоп дақылына қолданылған минералдық және биотыңайтқыштардың әртүрлі нормалары мен арақатынастарына байланысты өсімдіктің фитосинтетикалық көрсеткіштері, өнімділігі мен тиімділіктерінің өзгеру динамикаларының мәліметтері келтірілген. Минералдық және биотыңайтқыштар картоп дақылының фотосинтетикалық көрсеткіштерінің, оның ішінде бақылаумен салыстырғанда жапырақ ауданының өсуін 4,6 – 15,6 мың м²/га, құрғақ биомассаның жиналуын 0,1 – 3,1 т/га және фотосинтетикалық потенциал көрсеткіштерін 0,003 – 0,587 млн. м²/га дейін арттырады. Қолданылған тыңайтқыштар картоп дақылының 31,8 – 45,5 т/га жалпы және 26,0 – 39,3 т/га тауарлы өнімділіктерін қамтамасыз етеді. Минералдық тыңайтқыштардың N100P100K100 нормасы мен Тумат биопрепаратын ұштастырып қолданған нұсқада картоптың ең жоғарғы (39,3 т/га) тауарлы түйнегі жиналды. Ең төменгі өнім бақылау нұсқасы мен тек Тумат биопрепаратын қолданған жағдайда алынды, тиісінше, 22,9 және 26,0 т/га құрады. Тыңайтқыштардың нормалары мен арақатынастарына байланысты алынған қосымша тауарлы өнім 13,4 – 71,2% аралығында болды. Тәжірибе нәтижелері бойынша қоректік заттарды (NPK) тұтынудың жалпы орташа мөлшері 138,6 кг/га азот, 76,5 кг фосфор және 206,4 кг/га калий болса, ал 1 т түйнек өніміне шаққанда, қосалқы өнімді қоса есептегенде, азот – 3,6 кг, фосфор - 2,0 кг және калий – 5,4 кг құрады. Тыңайтқыштар 1206,0 – 2133,0 мың теңге/га аралығындағы таза пайданы қамтамасыз етіп, рентабельділігі 106,3 – 152,3% болды
Бұл мақалада майбұршақ өсімдігінің қоректенуінің екі түрі қарастырылады фосфор-калий тыңайтқыштарын және микроэлементтері бар фосфор-калий тыңайтқыштарын қолдану. Ағымдағы кезеңде майбұршақ өнімділігін арттыру бойынша іс-шараларды жүргізу ғана емес, сонымен қатар өсімдіктердің қоректенуін оңтайландыру арқылы алынған өнімнің сапасын арттыру маңызды. Бағалы ақуызды-майлы дақылдардың бірі – майбұршақ. Майбұршақ дақылдарын өсіру үлкен өндірістік әлеуетке ие және аудан бірлігінен ақуыз бен майдың ең жоғары өнімділігімен түсіндіріледі. Жоғарыда аталған майлы дақылдардан азық-түліктің 400-ге жуық түрі шығарылады. Зерттеулер «Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС тәжірибе алаңында жүргізілді. Бақылау нұсқасы бойынша «Ласточка» сортында тұқым саны 1766,4 дана/м2, «Аққу» сортында 2097,6 және «Галина» сортында 1967,6 дана/м2 болғаны анықталды. Фосфорлы-калийлі тыңайтқыштар мен микроэлементтер МоВ қолдану нұсқасында тұқым санының артық болуы сәйкесінше «Ласточка» сорты бойынша 101,6% құрады; «Аққу» сортында 103,0%-ға, «Галина» сортында 103,6%-ға.
Қазіргі таңда елімізде өсімдік шаруашылығындағы құрылымдық және технологиялық әртараптандырудың нәтижесін байқауға болады. Мәселен бидайдың егістік ауданы қысқартылып, орнына майлы, мал азығы, жарма және бұршақты дақылдары егістігінің ауданы кеңейтілді. Демек, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі өсіп тұр. Оның бірі –майбұршақ. Майбұршақ – ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл және ол дүниежүзілік маңызы бар басты мәдени өсімдіктер қатарына жатады. Майбұршақты негізінен таңғажайып өсімдік деп атайды. Себебі тұқымның құрамында жоғары мөлшерді ақуыз 33-тен 45%-ға дейін, 20-дан 25,7 % ға дейін май (оның кұрамында холестеролдың болмайтынын атап өткен жөн) және 25-21% көмірсулары бар. Еліміздің әртүрлі аймақтарының ғылыми мекемелерінде майбұршақты өсіру үшін нақты сенімді және жоғары өнімді сорттары өндірілуде. Оларды өсірудің интенсивті және бейімді аймақтық технологиялары әзірленді, олар жоғары өнім алудың негізі болып табылады. Осы облыстарда майбұршақ дақылын табысты өсіруде көп жылғы озық тәжірибенің байлығы жинақталған. Дегенмен, барлық аймақтарда майбұршақтың тұрақты жоғары өнімін алу үшін белгілі бір жағдайларды ескере отырып, сенімді сорттар мен оларды өсіру әдістерін таңдаудың заманауи ғылыми негізделген аграрлық талаптарын қатаң сақтау қажет. Бұл мақалада әр түрлі минералды тыңайтқыштардың, микроэлементтер мен өсу стимуляторларының майбұршақ дәнінің сапасына әсері бойынша далалық тәжірибелердің нәтижелері берілген. Ғылыми-зерттеу жұмыстары «Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС тәжірибе алаңында жүргізілді. Ласточка сортында фосфорлы-калийлі тыңайтқыштарды және «әмбебап Вуксал» өсу стимуляторын қолданудың тиімділігі Ласточка сортында 5,08 % құрайтыны анықталды, бұл бақылаудағыдан 0,11 % жоғары көрсеткішті көрсетті. Ал, Аққу сортында 4,88 %, Галина сортында 4,82% бұл бақылауға қарағанда 0,20% және 0,28% төмен көрсеткішті көрсетті. Фосфорлы-калийлі тыңайтқыштар мен өсу стимуляторларын қолдану майбұршақ тұқымындағы майлылыққа оң әсерін тигізді. Осылайша, NPK + Эпин қолдану нұсқасында Ласточка сортының тұқымындағы май мөлшері 25,53% құрады; Аққу сорты – 24,62%; Галина сортында – 26,01%, бақылаудағы майбұршақтан 4,26-ға артық, керісінше 1,99 және 3,64% көреткішті көрсетті
Soybean is known for its high protein content, which is the reason why it is widely used as one of the main food sources for humans and animals. In order to increase soybean yield, farmers tend to use foliar mineral fertilizer and plant growth regulator to this crop. Furthermore, a starter fertilizer application into the soil without foliar application may cause low yield contents of soybean. The aim of this investigation was to estimate the effects of different foliar mineral fertilizers (MF) and plant growth regulator (RGR) application on quantitative traits (plant height (PH), lower pods attachment height (LPH), number of seed pods per plant (NSPP), number of seeds per plant (NSP), weight of seeds per plant (WSP) and 1000-seed weight (TSW) and soybean grain yield (SGY)) in three soybean cultivars (Lastochka, Akku and Galina) in Shymkent of the Turkestan region, Kazakhstan. Four treatments of fertilization were tested: control (starter fertilizer, Р60К45), Р60К45 + Mo+B, Р60К45 + Epin and Р60К45 +Vuksal. Mo+ B, Epin and Vuksal were foliar applied one-two times at growth stage. The field experiments were carried out in South-Western Research Institute of Animal Husbandry and Plant Growing, during the years 2019, 2020 and 2021. In both research years, Akku had higher values for all investigated traits than Lastochka and Galina. Results showed that foliar MF and PGR application significantly increased the values for PH, LPH, NSPP, NSP, WSP, TSW and SGY. Vuksal is more effective than Epin and Mo,B in soybean cultivars because Vuksal is a liquid fertilizer that contains has higher concentration of macronutrients (16%N, 16%P2O5, 12%K2O+me, w/v). Generally, cultivar Akku and treatment starter fertilizer (Р60К45) + Vuksal (2,5 L/ha) may be recommended in soybean production in localities with similar agro-ecological conditions.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.
customersupport@researchsolutions.com
10624 S. Eastern Ave., Ste. A-614
Henderson, NV 89052, USA
This site is protected by reCAPTCHA and the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.
Copyright © 2025 scite LLC. All rights reserved.
Made with 💙 for researchers
Part of the Research Solutions Family.