XIII-XV ғасырлардағы Египеттегі Мәмлүктер мемлекеті мен қазіргі Орталық Азиядағы Алтын Орда мемлекетінде практикалық тұрғыдан қолданысқа ие болған түркі тілі -қазіргі түркі тілдерінің бастауы. Ескі қыпшақ немесе қыпшақ деп аталатын сол дәуірде әртүрлі диалекттерді қамтитын бұл түркі тілінде қалыптасқан лексикалық қабаттың біраз бөлігі қазіргі қазақ тілінің лексикалық қорынан да табылады. Әсіресе Мысыр жерінде жазылған қазіргі таңда әлемнің мұрағат-кітапхана қорларында сақталған мәмлүк-қыпшақ қолжазбаларын зерттеу мен зерделеу отандық шығыстану мен түркітану бағыттары үшін маңызы зор. Алты ғасырдан астам уақыт бойы сақталған бұл жазба ескерткіштерін тіл тұрғысынан, яғни лексика мен грамматика тұрғысынан кешенді зерттемес бұрын, олардың алғышарттарын, атап айтқанда, қоғамда қалыптасқан тілдік жағдайды, жазылу себептері мен нәтижелерін анықтап алу маңызды. Жағрафиялық жағынан бірбірінен алыс, бірақ діл, дін мен тіл жағынан бауырлас халықтардың ортақ тілінің мәртебесі мен тілдік жағдайын сипаттау салыстырмалы-тарихи әдісіне негізделеді. Нәтижесінде Алтын Орда мен Мысыр мәмлүк мемлекетінде түркі тілінің мәртебесі анықталып, аймақтағы тілдік жағдайға сипаттама берілді. Жат елде билік орнатқан да, өз жерінде қалып Моңғол империясының құрамына кірген де түркілер тілін толық сақтап қалып, қазіргі түркі тілдері үшін іргетасқа айналды. Египеттегі мәмлүктер жергілікті тұрғындардың тілі -араб тілінің ықпалынан шықпаса да, ана тілдерінде сөйлеп, екі тілде құнды еңбектерін мұра етіп қалдырды. Ал Жошы ұлысындағы қыпшақтар түркі тілінің мәртебесін жоғарылатып, ел ішінде де, сыртында да негізгі қарымқатынас құралына айналдырып, нәтижесінде моңғол тілін толығымен ығыстырылуына себепкер болды.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.
customersupport@researchsolutions.com
10624 S. Eastern Ave., Ste. A-614
Henderson, NV 89052, USA
This site is protected by reCAPTCHA and the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.
Copyright © 2024 scite LLC. All rights reserved.
Made with 💙 for researchers
Part of the Research Solutions Family.