Мақалада Қазақ халық ағарту институтының қызметі Қазақстан Республикасы Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде жинақталған қор құжаттары бойынша қарастырылады. Ағарту институты президумы, Халық ағарту институтының мектеп, белсенді студенттер кеңестері мәжілістерінде қаралған мәселелер туралы айтылады. Қазақстан халық ағарту институты туралы ереже және онда жұмыс жасаушылардың лауазымдық қызметі, оқытушылар құрамы, оқуөндірістік жоспарлар, оқытылған пәндер бағдарламалары, пәндер бойынша оқу жұмыс жоспарлары, пәндерді оқыту әдістемесі бойынша бағдарламалар және олардың мазмұны көрсетіледі. А. Байтұрсыновтың, Т. Шонанұлының, Бурабаевтың ана тілін оқыту әдістемесі, сызу, география, қоғамтану, еңбек мектебінің теориясы және практикасы пәндері бойынша дайындаған оқу жұмыс бағдарламаларының мазмұны ашылады. Ағарту институты студенттерінің саны, олардың оқыған пәндері, өндірістік тәжірибелері, дәрістерді және лабораториялық сабақтарды өткізудің әдістемесі нақты архив деректері негізінде баяндалады. Оқушылардың пәнді оқу нәтижесінде қалыптастыруға тиіс қабілеттері, әсіресе ұжымда бірлесе жұмыс жасау құзыреттілігін қалыптастыру тәсілдері аса құнды архив құжаттары бойынша талданады. Институттың ішкі тәртібі, оқушылардың білімін тексеру бойынша пән комиссиялары, оқу үдерісіндегі кемшіліктер мен олқылықтар, қиындықтар сипатталады. Студенттерінің шәкіртақысы және оның көлемі, сондайақ тұрмыс жағдайы қарастырылады.Түйін сөздер: Қазақ АССР, Қазақ ағарту институты, Қызылорда мемлекеттік облыстық архиві, оқытушы, оқушы, оқуөндірістік жоспарлар, пән бағдарламалары, тәжірибе, сабақ.