Мақалада цифрлық технологияларды енгізуге байланысты ауыл шаруашылығында еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігі мәселелері қаралған. Әдеби шолуды жүргізу барысында ғалымдар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету жөніндегі еңбектерінде негізінен мынадай бағыттарды қарастырған: еңбек ресурстарының өндіріс тиімділігіне әсері; еңбекақы төлеу және еңбекке ынталандыру мәселелері; ауылдың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту; жаңа технологияларды енгізу бойынша білікті кадрларды қайта даярлау және тағы басқалар.Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы еңбек нарығын талдау барысында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын еңбек ресурстарымен қамтамасыз етудің негізгі мәселелері айқындалған: ауыл шаруашылығында цифрландыруды енгізу үшін қажетті кадрлар мен мамандардың жетіспеушілігі; кәсіпорындардың нысаналы кадрлар даярлауға қызығушылығының төмендігі; жастар арасында ауыл шаруашылығы кәсіптерінің тартымсыздығы; кадрларды даярлау және жас мамандарды өндіріске бейімдеу бойынша бірыңғай бағдарламалардың болмауы. Мақала авторлары ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар берген: ауыл шаруашылығындағы технологиялық өзгерістерді ескере отырып, әлеуметтік-еңбек қатынастары жүйесін қайта қарау; ауыл азаматтарының экономикалық және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту; жастардың аграрлық кәсіпкерлігін дамытуды қолдау; ауыл жастарынан мамандарды мақсатты даярлауды жүзеге асыру. The article discusses the issues of the efficiency of the use of labour resources in agriculture in terms of digital technologies introduction. The literature review on the provision of agricultural enterprises with labour resources shows that scientists mainly focus on the following areas: the impact of labour resources on production efficiency; issues of remuneration and motivation of labour; development of engineering and social infrastructure of the village; retraining of qualified personnel for the introduction of new technologies and others.During the analysis of the agriculture labour market of the Republic of Kazakhstan, the main problems of providing agricultural enterprises with labour resources are identified. The problems are: lack of personnel and specialists necessary for the introduction of digitalization in agriculture; low interest of enterprises in training targeted personnel; unattractiveness of agricultural professions among young people; lack of unified training programs and adaptation of young specialists in production. The authors have proposed specific recommendations for providing agricultural enterprises with labour resources: to revise the system of social and labour relations taking into account technological changes in agriculture; to improve the economic and social conditions of rural citizens; to support the development of youth agricultural entrepreneurship; to carry out targeted training of specialists from rural youth.
Мақалада ауылшаруашылық қалдықтарынан биоэнергияны өндіру мүмкіндігі қарастырылған. Әдеби шолу ғалымдардың ауыл шаруашылығына биоэнергияны енгізудің әртүрлі жақтарын зерттейтінін анықтап көрсетті: баға мен тиімділік көрсеткіштері; жобалардың өтелу мерзімдері; экономикалық, экологиялық және әлеуметтік факторлар; биомассаның қолжетімділігі. Ауылдық аумақтарда биоэнергияны енгізудің ағымдағы жай-күйін талдау қорытындылары бойынша мынадай мәселелер анықталды: технологиялық қондырғыларға арналған жоғары инвестициялық шығындар; ауыл азаматтарының қоршаған ортаны қорғау туралы шектеулі хабардар болуы; ауыл шаруашылығы қалдықтарын кәдеге жарату жөніндегі отандық ғылыми жобалардың болмауы; жинақталған кірістердің деңгейі күрделі шығындарды жаппайды; жеңілдікпен несие берудің және салық жеңілдіктерін берудің нақты тетіктерінің болмауы; ауыл шаруашылығы қалдықтарын энергия өндіру технологиясын тарату бойынша тәуекелдер. Мақала авторлары ауылдық аумақтарда биоэнергияны одан әрі дамыту жолдарын айқындап берді: фермерлік шаруашылықтарда биоэнергияны өндіру жөніндегі технологиялар экологиялық таза өнім алу үшін бағытталуы тиіс; салықтық жеңілдіктер беру арқылы биоэнергияны дамытуды ынталандыру; жеңілдікті несие беру тетіктерін енгізу мүмкіндігін қарастыру; ауыл жастарынан кадрларды мақсатты даярлауды жүзеге асыру; биоэнергияны дамыту мәселелері бойынша жаңа технологияларды енгізуге байланысты ғылыми жобаларды қаржыландыру.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.
customersupport@researchsolutions.com
10624 S. Eastern Ave., Ste. A-614
Henderson, NV 89052, USA
This site is protected by reCAPTCHA and the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.
Copyright © 2025 scite LLC. All rights reserved.
Made with 💙 for researchers
Part of the Research Solutions Family.