Мақалада ауыл шаруашылығын тиімді дамыту кез-келген мемлекеттің экономикасы үшін елдің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешудегі маңызды міндет болып табылатындығы атап өтілген. Мақалада Павлодар облысының ауыл шаруашылығының қазіргі жай-күйіне жүргізілген талдамалық бағалау нәтижелері көрсетілді. Бұл ретте мақалада Павлодар облысы экономикасының аграрлық секторының үдемелі және орнықты дамуы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын реттеу және қолдау бойынша мемлекет жүргізіп отырған саясаттың қорытындысы болып табылатыны атап көрсетілген. Алынған нәтижелер өңірлік АӨК жұмыс істеуіне осы кешеннің тиімді дамуына ықпал ететін және сонымен бірге оны тежейтін көп бағытты факторлардың тұтас жүйесі әсер ететінін көрсетеді. Соңғыларының АӨК салаларының жұмыс істеу нәтижелілігіне әсері басым екенін атап өткен жөн. Бұл жағдай осы саланы мемлекеттік қолдаудың тиімділігін едәуір төмендетеді және осы факторлардың теріс әсерін жеңуге мемлекеттік ресурстарды шоғырландыру қажеттілігін негіздейді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы мынада: алынған нәтижелер, нақты ұсыныстар түрінде ұсынылған негізгі тұжырымдар аймақтағы ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттыру және басқарудың әртүрлі деңгейлерінде агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде теориялық және ғылыми-әдістемелік негіздер ретінде пайдаланылуы мүмкін. The article notes that the effective development of agriculture is the most important task for the economy of any state in solving the issues of food security of the country. The article reflects the results of the analytical assessment of the current state of agriculture of the Pavlodar region. At the same time, the article emphasizes that the progressive and sustainable development of the agricultural sector of the economy of the Pavlodar region is the result of the state's policy of regulating and supporting the development of the agro-industrial complex. The results obtained show that the functioning of the regional agro-industrial complex is influenced by a whole system of multidirectional factors that contribute to the effective development of this complex and at the same time restrain it. It should be noted that the influence of the latter on the effectiveness of the functioning of agricultural industries is predominant. This circumstance largely reduces the effectiveness of state support for this area and justifies the need to concentrate state resources to overcome the negative impact of these factors. The practical significance of the study lies in the fact that the results obtained, the main conclusions presented in the form of specific recommendations, can be used as theoretical and scientific and methodological foundations for the implementation of measures to improve the efficiency of the agricultural sector in the region and support the agro-industrial complex at various levels of management.
Туризм саласы Қазақстан экономикасының болашағы зор салаларының бірі ретінде танылып, оны дамыту бойынша жүйелі стратегиялар жүзеге асырылуда. Сәйкесінше, еліміздегі туристік дестинацияларға келуші туристер саны артады деп күтілуде. Отандық туристік дестинациялардың басым көпшілігі табиғи туристік ресурстарға негізделіп құрылғандықтан, оларды дамытуда тұрақты даму тұжырымдамасы қағидаларын ескеру шарт. Келетін туристер санының артуы мен әрбір дестинацияның экологиялық мүмкіндіктері арасындағы тепе-теңдікті табу, сондай-ақ туризмді бақылау мен басқаруды дамыту қажет. Туристік өткізу қабілеті-1992 жылы Сифуэнтес жасаған танымал әдістердің бірі. Бұл әдіс 4 басты теңдеулер: туристік өткізу қабілеті (ТСС), негізгі өткізу қабілеті (ВСС), потенциалды өткізу қабілеті (РСС), нақты өткізу қабілеті (RCC) негізінде туристік дестинациялардың максималды өткізу қабілетін болжауға мүмкіндік береді. Өткізу қабілеттілігі туралы ойлар үш негізгі компоненттің немесе өлшемдердің айналасында жүреді: физика-экологиялық, әлеуметтік-демографиялық, саяси-экономикалық. Бұл аспектілер іс жүзінде қарастырылатын мәселелер шеңберін де көрсетеді. Зерттеу туризмнің өткізу қабілеттілігі (TCC) тұжырымдамасын түсінуге, оны практикалық талдауға және өлшеуге бағытталған. Талдау теория зерттеулерге шолу жасауға негізделген. Туризмнің өткізу қабілетін бағалаудың нәтижелері үкіметтің туризмді дамыту саясатын әзірлеу үшін бастапқы деректер ретінде пайдаланылуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, туристік ресурстардың шамадан тыс қолданылуы салдарынан туындайтын экологиялық мәселелерді алдын алуға мүмкіндік береді. The tourism sector is recognized as one of the most perspective sectors of the economy of Kazakhstan, and systematic strategies for its development are being implemented. Accordingly, an increase in the number of tourists visiting tourist destinations in the country is expected. Since the vast majority of domestic tourist destinations are based on natural tourist resources, it is necessary to take into account the principles of the concept of sustainable development in their development. It is necessary to find a balance between the increase in the number of tourists coming and the ecological possibilities of each destination, as well as to develop control and management of tourism. The tourism carrying capacity is one of the popular methods which was developed by Cifuentes in 1992. This method allows you to predict the maximum carrying capacity of tourist destinations based on 4 basic equations: tourist carrying capacity (TCC), basic carrying capacity (BCC), potential carrying capacity (PCC), real carrying capacity (RCC). Carrying capacity considerations revolve around three main components or dimensions: physical-ecological, socio-demographic, and political-economic. These aspects also reflect the range of issues that will be considered in practice. The research is aimed at understanding the concept of tourism carrying capacity (TCC), its practical analysis and measurement. The analysis of the theory is based on a review of research. The results of the assessment of the capacity of tourism can be used as input data for the development of state tourism development policy. It also helps to prevent environmental problems arising from the excessive use of tourist resources.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.
customersupport@researchsolutions.com
10624 S. Eastern Ave., Ste. A-614
Henderson, NV 89052, USA
This site is protected by reCAPTCHA and the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.
Copyright © 2025 scite LLC. All rights reserved.
Made with 💙 for researchers
Part of the Research Solutions Family.