Туризм саласы Қазақстан экономикасының болашағы зор салаларының бірі ретінде танылып, оны дамыту бойынша жүйелі стратегиялар жүзеге асырылуда. Сәйкесінше, еліміздегі туристік дестинацияларға келуші туристер саны артады деп күтілуде. Отандық туристік дестинациялардың басым көпшілігі табиғи туристік ресурстарға негізделіп құрылғандықтан, оларды дамытуда тұрақты даму тұжырымдамасы қағидаларын ескеру шарт. Келетін туристер санының артуы мен әрбір дестинацияның экологиялық мүмкіндіктері арасындағы тепе-теңдікті табу, сондай-ақ туризмді бақылау мен басқаруды дамыту қажет. Туристік өткізу қабілеті-1992 жылы Сифуэнтес жасаған танымал әдістердің бірі. Бұл әдіс 4 басты теңдеулер: туристік өткізу қабілеті (ТСС), негізгі өткізу қабілеті (ВСС), потенциалды өткізу қабілеті (РСС), нақты өткізу қабілеті (RCC) негізінде туристік дестинациялардың максималды өткізу қабілетін болжауға мүмкіндік береді. Өткізу қабілеттілігі туралы ойлар үш негізгі компоненттің немесе өлшемдердің айналасында жүреді: физика-экологиялық, әлеуметтік-демографиялық, саяси-экономикалық. Бұл аспектілер іс жүзінде қарастырылатын мәселелер шеңберін де көрсетеді. Зерттеу туризмнің өткізу қабілеттілігі (TCC) тұжырымдамасын түсінуге, оны практикалық талдауға және өлшеуге бағытталған. Талдау теория зерттеулерге шолу жасауға негізделген. Туризмнің өткізу қабілетін бағалаудың нәтижелері үкіметтің туризмді дамыту саясатын әзірлеу үшін бастапқы деректер ретінде пайдаланылуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, туристік ресурстардың шамадан тыс қолданылуы салдарынан туындайтын экологиялық мәселелерді алдын алуға мүмкіндік береді. The tourism sector is recognized as one of the most perspective sectors of the economy of Kazakhstan, and systematic strategies for its development are being implemented. Accordingly, an increase in the number of tourists visiting tourist destinations in the country is expected. Since the vast majority of domestic tourist destinations are based on natural tourist resources, it is necessary to take into account the principles of the concept of sustainable development in their development. It is necessary to find a balance between the increase in the number of tourists coming and the ecological possibilities of each destination, as well as to develop control and management of tourism. The tourism carrying capacity is one of the popular methods which was developed by Cifuentes in 1992. This method allows you to predict the maximum carrying capacity of tourist destinations based on 4 basic equations: tourist carrying capacity (TCC), basic carrying capacity (BCC), potential carrying capacity (PCC), real carrying capacity (RCC). Carrying capacity considerations revolve around three main components or dimensions: physical-ecological, socio-demographic, and political-economic. These aspects also reflect the range of issues that will be considered in practice. The research is aimed at understanding the concept of tourism carrying capacity (TCC), its practical analysis and measurement. The analysis of the theory is based on a review of research. The results of the assessment of the capacity of tourism can be used as input data for the development of state tourism development policy. It also helps to prevent environmental problems arising from the excessive use of tourist resources.
Туризм индустриясы қазіргі әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан және экономиканың тиімді салаларының бірі болып табылады. Көптеген елдердің экономикасында туристік сала маңызды рөл атқарады, өйткені ол мемлекет бюджетіне негізгі кіріс әкеледі. Өкінішке орай, жақын аралықта бүкіл әлем дағдарысқа әкелетін мәселеге тап болғаны белгілі. Covid-19 пандемиясы адам өміріне ғана емес, әлемдік экономикаға да қатты әсер етті. Ұлттық экономиканың көптеген салалары пандемияның салдарын сезінді. Пандемияға байланысты ең көп шығынға ұшыраған салалардың ішінде туризм секторы бар, оның үлесі экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда едәуір жоғары.Мақалада Covid-19 пандемиясының туристік индустрияның дамуына әсері қарастырылған. Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесі жариялаған мәліметтер негізінде авторлар туризм экономикасының сандық көрсеткіштеріне талдау жасады. Шет елдер бойынша көрсеткіштер ұсынылған, атап айтқанда Солтүстік және Оңтүстік Америка, Кариб бассейні елдері, Еуропа, Африка, Таяу Шығыс елдері және Азия–Тынық мұхиты аймағы елдері бойынша жалпы ішкі өнімдегі үлесі және жалпы жұмыспен қамтылудағы туризм саласының үлесі бағаланады, сондай-ақ туристік сегменттердегі өзгерістер қарқыны талданады.Қазақстан Республикасы бойынша халықаралық туризм секторын дамыту жағдайы қаралды, коронавирус пандемиясының келу туризміне әсері анықталды, сондай-ақ осы саланың статистикалық көрсеткіштеріне бағалау жүргізілді.Туристік саланы дамытуға қатысты ұсыныстар ретінде туризмді қайта құрылымдаудың басым бағыттары айқындалды: COVID-19 пандемиясының әлеуметтік-экономикалық салдарын жұмсарту, туристік инфрақұрылымды дамыту және қызметтер сапасын арттыру есебінен саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, туристік саланы цифрландыру, экотуризмді дамыту және осы секторды трансформациялау мақсаттарына қол жеткізу үшін әріптестік қатынастарды нығайту. The tourism industry is one of the fastest growing and most economically profitable areas in the modern world. In the economy of many countries, the tourism industry plays an important role, because it brings the main income to the state budget. Unfortunately, recently the whole world was faced with a problem that led to a crisis. The COVID-19 pandemic has had a huge impact not only on human life, but also affected the global economy. Many sectors of the national economy have felt the effects of the pandemic. Among the industries that suffered the most losses due to the pandemic is the tourism sector, whose share is significantly higher compared to other sectors of the economy.The article examines the impact of the COVID-19 pandemic on the development of the tourism industry. Based on the data published by the World Tourism and Travel Council, the authors analyzed the quantitative indicators of the tourism economy. Indicators for foreign countries are presented, in particular for the Americas, the Caribbean, Europe, Africa, the Middle East and the Asia-Pacific region, the share of tourism in gross domestic product and total employment is assessed, and the rate of change in tourist segments.The situation of the development of the international tourism sector in the Republic of Kazakhstan was considered, the impact of the coronavirus pandemic on inbound tourism was determined, and the statistical indicators of this industry were assessed.As recommendations for the development of the tourism industry, priority areas of tourism restructuring were identified: mitigating the socio-economic consequences of the COVID-19 pandemic, increasing the competitiveness of the industry through the development of tourism infrastructure and improving the quality of services, digitalization of the tourism industry, development of ecotourism and strengthening partnerships to achieve the goals transformation of this sector.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.
customersupport@researchsolutions.com
10624 S. Eastern Ave., Ste. A-614
Henderson, NV 89052, USA
This site is protected by reCAPTCHA and the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.
Copyright © 2025 scite LLC. All rights reserved.
Made with 💙 for researchers
Part of the Research Solutions Family.