АӨК-де мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін жетілдіру бойынша теориялық тәсілдерді зерделеу және ұсынымдарды негіздеу мемлекет пен бизнес үшін өзара тиімділік жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің ресурстық базасын кеңейтуге мүмкіндік беретін олардың қажеттілігі мен практикалық маңыздылығымен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті пайдалану проблемалары талданып, оның агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігі көрсетілген. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы ұсынған агробизнесті дамытудағы МЖӘ-нің кең таралған жобаларының 4 түрі ұсынылған. Аграрлық секторда мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің белсенді дамуына кедергі келтіретін себептер анықталды: қолма-қол ақшаның болмауы; көбінесе банктен кредит алу мүмкіндігінің төмендігі; мамандардың біліктілігінің жеткіліксіздігі. МЖӘ перспективалық бағдарламалары үшін елеулі әлеуеті бар негізгі бағыттар айқындалды: өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы салаларында органикалық өнім өндіру; ет өнімдері мен сүт көлемін ұлғайту; көкөніс өсіруге ғана емес, гүл өсіруге де мамандандырылған жылыжай шаруашылығын дамыту. Аграрлық өндірісте мемлекеттік-жекешелік әріптестікті пайдаланудың SWOT талдауы берілген, оның күшті жақтары мен мүмкіндіктері, әлсіз жақтары мен қауіптері көрсетілген, сондай-ақ зерттеу нәтижелері бойынша республиканың АӨК-дегі МЖӘ институтын дамытудың тұжырымдамалық бағыттары айқындалған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің мынадай артықшылықтары көрсетілген: оның тетігін пайдалану ауыл шаруашылығына қосым ша инвестициялар тартуға, өндірістік қуаттарды жаңғыртуға, өндірістің кірістілігін арттыруға, ішкі нарықты сапалы және қолжетімді тамақ өнімдерімен молықтыруға, елдің экспорттық әлеуетін іске асыруға, салық түсімдерінің ұлғаюына ықпал ететін болады.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.
customersupport@researchsolutions.com
10624 S. Eastern Ave., Ste. A-614
Henderson, NV 89052, USA
This site is protected by reCAPTCHA and the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.
Copyright © 2024 scite LLC. All rights reserved.
Made with 💙 for researchers
Part of the Research Solutions Family.