Мақалада агроөнеркәсіптік кешендегі инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйесі және қазіргі заманғы техникалық қызмет жүйесін ұйымдастыру сұрақтары қарастырылған. Ауылшаруашылығы өндірісінің тиімділігіне әсер етуші басты міндет, ол техникалық қызмет саласын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Күріш өнімділігін жаңа техникалық құралдар мен технологияларды қолдану аясын ұлғайту арқылы арттыруға болады. Осы мақсатта Қызылорда облысы аумағында «Еуразия Групп Қазақстан» және «СТ АGRO» дилерлік компаниялары CLAAS, HORSCH, Valley және т.б. жоғары сапалы жабдықтарды сатып алу және оларға қызмет көрсету мәселелерімен бірге жұмыс жасап келеді. Сонымен қатар, «Еуразия Групп Қазақстан» компаниясы «Джон Дир» компаниясының ресми дистрибьюторы ретінде Қазақстанның барлық ауылшаруашылық аймақтарында, ауылшаруашылығы фермерлерін ең заманауи, инновациялық өнімді «Джон Дир» жабдықтарымен және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуде дилерлік желілерімен және сервистік желілерімен қызмет көрсетуде. Техникалық қызмет көрсетудің одан әрі дамуы технологияны жетілдірумен, оны пайдалануды ұйымдастырумен және қызметтерді тұтынушылармен өзара тиімділік, еңбек бөлінісі принциптерінде және нарықтық қатынастар негізінде қарым-қатынастарды дамытумен байланысты. Машиналарды пайдаланудың халықаралық тәжірибесінде «техникалық қызмет» термині ауылдағы тауар өндірушіге механикаландыру құралдарын сатып алу, сондай-ақ оларды тиімді пайдалану және бүкіл уақыт ішінде жұмыс жағдайында ұстау бойынша көрсетілетін қызметтердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Машинаны қолданудың шетелдік және отандық тәжірибесін салыстыра отырып, техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың дилерлік түрі өнім өндірушілерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету кезеңінде ең тиімді болып табылады.
Ауыл шаруашылығын механикаландырудың екі түрлі шешімі бар. Біріншісі – шаруашылықты конструкциясы жетік, сенімділігі мол, жұмыс өнімділігі жоғары техникамен жеткілікті деңгейде жабдықтау да, екіншісі – сол техниканы ұтымды пайдалану. Машина пайдаланудың түпкі мұраты – жинау және тасымалдау жұмысын агротехникалық мерзім ішінде түгелдей және сапалы атқарып, механикаландырылған жұмыстың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алудың бір жолы – жинау-тасымалдау жұмыстарында техниканы дұрыс пайдалану және агроинженердің біліктілігі. Қазір шаруашылықтарда техниканы тиімді пайдалануда жаппай қызмет көрсету теориясын пайдаланса, бұл технология кез-келген шаруашылыққа экономикалық жағынан тиімділік әкелері сөзсіз. Бұл әдістің мәні мынада – бір-бірімен тізбектеле жүргізілетін жұмыстарда уақыт пен техника пайдалануға қатысты еңбек шығыны едәуір азаяды. Жаппай қызмет көрсету теориясы бойынша ұйымдастырылғын егін жинау-тасымалдау жұмыстарында негізгі операцияларың тиімділігі анықталып, жұмыс режимдері белгіленеді, агрегаттардың техникалық деңгейіне, сапасына және тиімділігіне нақты баға беріледі. Қызылорда облысы жағдайындағы дәнді дақылдарды жинаудың басқа аймақтарға қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Жергілікті жердің климаттық жағдайына байланысты дәнді дақылдар үнемі бөлектеп жиналады. Астық ору, бастыру және тасымалдау операцияларының өзара байланысы ұйымдастырлған жүйелермен қалыптасуы қажет. Сонымен қатар, дән жинау мен тасымалдаудың жаппай қызмет көрсету теориясы өзінің экономикалық тиімділігімен және басқа да шығындарымен өте төмен көрсеткішті көрсетуі қажет. Аталмыш мақалада шаруашылыққа пайда әкелетін тиімді технология есептеліп, қолданысқа ұсынуға болатыны дәлелденген
Мақалада егін шаруашылығының өндірістік процестерін механикаландыру барысында қолданылатын машиналарының жұмыс бөліктерінің конструкциясы жасау үшін дәннiң физика-механикалық құрамы мен касиеттерiн анықтау мақсатындағы зерттеулер баяндалған. Бұл зерттеулер бойынша егу мақсатында қолданылатын сепкіштің себу механизмінің сапалы жұмыс атқару мүмкіншіліктеріне назар аударылуы керек. Осыған байланысты егілетін дақылдың сусымалы тұқымын себу барысында оның сыртқы пішіні мен өлшемдерінің және олардың құйылу үдерісіндегі жүріп өту жолдарының мүмкіншіліктерінің негізінде параметрлері анықталып, машина конструкциясына қарай есепке алынады. Сусымалы тұқымның ағынды құйылуы, олардың жылжымалық түрiне (iшкі, сыртқы үйкелiс еселеушiне), салмақтық жұмсалуына q, диаметрiне Д және құраманың бағаналық биiктiгiне - Н тығыз байланысты. Олар бiрi-бiрiнсiз шешiлмейтiн тұтас байланыста атқарылатын күрделi механизм.Қорапқа құйылған сусымалы материалдардың бiр-бiрiне және қабырғаларына түсiретiн көлденең, тiгiнен итерiс қысым күштерi РХУ дән қүрамасының биiктiгіне - Н байланысты ең төменгi деңгейiнен бастап, жоғары өсiрiлуi деңгейiне дейiн өзгерiп көбейедi. Сонымен қатар құйылған дән құрамасының биiктiгiне - Н байланысты РХУ күштерi де тура қатынаста өседi. Дәндер құрамасының ыдыс қабырғасына түсiретiн кысым күшi, ортасындағы дәндер қысым күшiне қарағанда жоғары болатындығын айту керек. Осындай жағдайдағы дән құрамасының биiктiгi - Н жоғарылаған сайын, оның көлденең қалындығының арасындағы қысым да аз бола бастайды. Әр түрлi кезеңдегi жүргiзiлген зерттеулерде дәннiң сырт пiшiнiне байланысты оның сусымалығына, қораптан ағынды өту кезеңдерi, немесе құйылу заңдылықтарына қарай әр дақыл дәнiнде әр түрлi қасиеттеріне iзденiстер, зерттеулер жүргiзiп, оны талдауды қажет етедi.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.
customersupport@researchsolutions.com
10624 S. Eastern Ave., Ste. A-614
Henderson, NV 89052, USA
This site is protected by reCAPTCHA and the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.
Copyright © 2024 scite LLC. All rights reserved.
Made with 💙 for researchers
Part of the Research Solutions Family.