Бұл мақалада майбұршақ өсімдігінің қоректенуінің екі түрі қарастырылады фосфор-калий тыңайтқыштарын және микроэлементтері бар фосфор-калий тыңайтқыштарын қолдану. Ағымдағы кезеңде майбұршақ өнімділігін арттыру бойынша іс-шараларды жүргізу ғана емес, сонымен қатар өсімдіктердің қоректенуін оңтайландыру арқылы алынған өнімнің сапасын арттыру маңызды. Бағалы ақуызды-майлы дақылдардың бірі – майбұршақ. Майбұршақ дақылдарын өсіру үлкен өндірістік әлеуетке ие және аудан бірлігінен ақуыз бен майдың ең жоғары өнімділігімен түсіндіріледі. Жоғарыда аталған майлы дақылдардан азық-түліктің 400-ге жуық түрі шығарылады. Зерттеулер «Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС тәжірибе алаңында жүргізілді. Бақылау нұсқасы бойынша «Ласточка» сортында тұқым саны 1766,4 дана/м2, «Аққу» сортында 2097,6 және «Галина» сортында 1967,6 дана/м2 болғаны анықталды. Фосфорлы-калийлі тыңайтқыштар мен микроэлементтер МоВ қолдану нұсқасында тұқым санының артық болуы сәйкесінше «Ласточка» сорты бойынша 101,6% құрады; «Аққу» сортында 103,0%-ға, «Галина» сортында 103,6%-ға.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.